Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Трамп АҚШ пен Орталық Азия елдері арасында тамаша қатынастардың басталғанын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ, Қазақстан және Орталық Азияның өзге де елдері арасында жаңа, тамаша қатынастардың басталғанын мәлімдеді. Ол бұл пікірін алдыңғы күні Вашингтонда өткен C5+1 саммитіне байланысты айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Америкалық лидер бұл туралы Truth әлеуметтік желісінде бөлісті.

"Кеше Ақ үйде бес тамаша елдің президенттерімен саммит өткізу мен үшін үлкен құрмет болды: Қазақстаннан Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстаннан Шавкат Мирзиёев, Тәжікстаннан Эмомали Рахмон, Қырғызстаннан Садыр Жапаров және Түрікменстаннан Сердар Бердімұхамедов", – деп жазды ол.

Трамптың айтуынша, кейінгі үш он жыл бойы оның алдынғы әріптестері бұл стратегиялық әрі табиғи және адами капиталы мол өңір елдеріне лайық көңіл бөлмеген. Алайда қазіргі АҚШ президенті бұған толыққанды түрде араласуға ниетті.

"C5+1 платформасының 10 жылдығына орай біз авиация, маңызды минералдар, ауыл шаруашылығы, темір жол, автомобиль жасау және технологиялар салаларында ондаған мың америкалық жұмыс орнын қолдайтын, миллиардтаған долларлық коммерциялық келісімдерге қол қойдық. Біздің саммит АҚШ пен Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыз Республикасы және Түрікменстан арасындағы тамаша, жаңа қатынастардың таңы болды", – деп түйіндеді ол.

Анықтама: C5+1 – бұл Америка Құрама Штаттары мен Орталық Азияның бес елі (C5 – Central Asia Five): Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан арасындағы дипломатиялық платформа (диалог тетігі). Платформа өңірлік тұрақтылық, экономикалық даму және қауіпсіздік бойынша ортақ мәселелерді бірлесе шешуге арналған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus