Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда мектеп бағдарламасына суда жүзу сабақтары енгізілмек

Қазақстанда мектеп оқушыларына арналған дене шынықтыру бағдарламасына суда жүзу сабақтарын енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Qazaq Aquatics федерациясының бас хатшысы Дмитрий Баландин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкімет отырысы барысында Дмитрий Баландин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректерін келтірді. 2024 жылы әлемде 236 мыңнан астам адам суға батып қайтыс болған, олардың 82 мыңы – 1-14 жас аралығындағы балалар.

"Бұл көрсеткіштер халықты жүзудің қарапайым дағдыларына және судағы қауіпсіздік ережелеріне үйретудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, суға жүзу сабағын дене тәрбиесі жүйесіне енгізу және оны мектеп бағдарламасының бір бөлігіне айналдыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ол.

Федерация бас хатшысы Дмитрий Баландиннің айтуынша, бағдарлама пилоттық режимде 2026 жылы Алматы мен Астанада іске қосылады, кейін біртіндеп бүкіл елде жүзеге асырылмақ.

"Бұл бастама АҚШ, Аустралия және Венгрия сияқты әлемдегі ең мықты жүзу державаларының тәжірибесіне негізделген. Ол елдерде балаларды жүзуге міндетті түрде үйрету мектеп жүйесінде ұзақ жылдар бойы сәтті жүзеге асырылып келеді", – деді ол.

Баландиннің айтуынша, жоба балаларға ерте жастан судағы қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға және спортқа қызығушылықты денсаулықты нығайтудың маңызды бөлігі ретінде дамытуға мүмкіндік береді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus