Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Баум тоғайында ағаштар заңсыз кесілген

Баум тоғайында ағаш заңсыз кесілгені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматының Экология және қоршаған орта басқармасына сілтеме жасап.
Бұл деректі Алматы Экология және қоршаған орта басқармасына қарасты "Медеу" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі мәлімдеді. 25 қазаннан 26 қазанға қараған түні Баум тоғайында үшкір жапырақты үйеңкі мен ақ акация ағаштары заңсыз кесілген, сондай-ақ, негізінен ұсақ жапырақты қарағаш тұқымына жататын 11 ағаш та арамен кесілмек болған.
24 қазанда ағаштар бүтін болғаны хабарланды.

"Оқиға орнынан екі қол ара және бір бензин ара табылды. Кезекші инспектор табиғатты қорғау полициясына арыз түсірді", - деп мәлімдеді басқарма.

Баум тоғайын жаңғырту
2025 жылғы қыркүйектен бері аумағы 137,7 га болатын мемлекеттік табиғи ескерткіш - Баум тоғайында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол Түрксіб ауданында Сейфуллин мен Сүйінбай даңғылдарының арасында орналасқан.
Жаңғырту басталған сәтте-ақ алматылықтар наразылық білдірді: желіде емен аллеясында бордюр төселіп жатқаныны бейнеленген видео тарады. Қала тұрғындары мұндай жұмыстар ағаштардың зақымдануы не кесіліп қалуына себеп болуы мүмкін деп болжады.
Сол кезде Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы ағаш кесілмей жөндеу жүргізіліп жатқанын айтты. Шенеуніктер жоба аумақты қалпына келтіруге бағытталғанын, жаңа ағаштар мен бұталар отырғызуды көздейтінін айтты.
Кейін Экология министрлігінің эко-порталында "Баум тоғайы" табиғи ескерткішін қалпына келтіру және сақтау" атты жоба пайда болды. Құжатта тоғайдағы ағаштардың тек 55 пайызы дені сау деп танылғаны, қалғаны - әлсіреген, қураған немесе апатты жағдайда екені көрсетілген. Сондай-ақ шамамен 12,7 мың м³ ағаш (екпелердің 48 пайызы) кесіледі деп жазылған.
Медиа жарияланымдардан кейін билік бұл деректер шындыққа жанаспайтынын айтты. Әкімнің кеңесшісі Ильзат Ақчурин Қазақ аграрлық зерттеу университеті мен Орман ғылыми-инновациялық институты жүргізген түгендеу нәтижелеріне сілтеме жасап, тоғайдағы жұмыстардың табиғи ортаға аз зиянмен атқарылып жатқанын айтты.
Жуырда тоғайда реконструкция жүргізген мердігерлер ағаштарды зақымдаған болатын. Әкімдік оларға 117 960 және 58 980 теңге көлемінде айыппұл салынғанын айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus