Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жамбыл ауданында Республика күніне орай 4 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

Республика күніне орай Жамбыл облысының Жамбыл ауданында заманауи мәдени-демалыс кешені халық игілігіне пайдалануға берілді.
Аудан орталығы – Аса ауылында өткен салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.
Жаңа кешен аумағында аудандық мұрағат, балалар мен жасөспірімдер орталығы, кітапхана, сондай-ақ футбол, волейбол және баскетбол алаңдары орналасқан.
Өңір басшысы аудан тұрғындарын Республика күнімен құттықтап, ел игілігіне бағытталған жобалардың халық өмірін жақсартудағы маңызын атап өтті.
Бұдан соң қонақтар жаңа нысандардың жұмысымен танысты.
Балалар мен жасөспірімдер орталығы ауыл балалары мен жасөспірімдеріне қосымша білім алуға және қызығушылықтарын дамытуға мүмкіндік береді.
Нысан 150 адамға арналған, жалпы аумағы – 311 шаршы метр. Ғимаратта 4 оқу және 3 әкімшілік бөлме қарастырылған. Мұнда «School Media – Жас тілші», «Компьютерлік сауаттылық және 3D кескіндеу», «Жантану – психология», сондай-ақ «Energy club – күш пен сергектік» үйірмелері жұмыс істейді. Бұдан бөлек, интернет-кафе бар.
Екі қабатты жаңа кітапхана аудан тұрғындары үшін заманауи әрі қолайлы жағдай жасайды. Мұнда жалпы оқырмандарға, балалар мен жасөспірімдерге арналған бөлімдер, электронды оқу залы, конференц-зал, зағип жандарға арналған арнайы кабинет және кітап қорын толықтыру мен өңдеу бөлімі бар. Кітапханада 46 800 кітап сақталған.
Өңір басшысы кітапхананың білім мен руханияттың, мәдениет пен өркениеттің ордасына айналатынына сенім білдірді.
Ал аудандық архив ғимараты екі қабаттан тұрады. Бірінші қабатта бір қойма мен екі құжат қабылдау бөлмесі орналасқан. Екінші қабатта қойма, конференц-зал және жеті қызметтік кабинет бар.
– Бұған дейін архив саласына, нақты айтқанда аудан тарихына қатысты құжаттар ыңғайластырылған ғимаратта сақталып келді. Бар болғаны екі бөлмеде мыңдаған құжаттар орналасты. Ал бүгіннен бастап заман талабына сай салынған еңселі жаңа ғимаратқа көшіп келдік, – дейді аудандық архивтің директоры Келсінкүл Күлекеева.
Ербол Қарашөкеев спорт алаңдарын да аралап көріп, ауылдың жас спортшыларына естелік сыйлықтар табыс етті.
– Ауылымыз күн сайын көркейіп келеді. Бүгін жаңа ғимараттар бой көтеріп, спорт алаңдары ашылды. Біз мұнда тұрақты түрде жаттығып, облысымыздың абыройын асқақтатуға күш саламыз, – дейді жас волейболшы Балауса Қонақбай.
Мерекелік шара соңы көңілді концерттік бағдарламаға ұласты.

Сообщение Жамбыл ауданында Республика күніне орай 4 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus