Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Көлігіңіз қысқа дайын ба: неге мән беру керек?

Қыс түскенде күтпеген жағдайларға тап болмас үшін көлікті алдын ала дайындап алғаныңыз жөн. Аяз түскенде бірнеше фактор көліктің жұмысына тікелей әсер етеді. Оның алдын алу үшін не істеу керек? Толығырақ -  Тengrinews.kz материалында.

Дөңгелек ауыстыру Қысқы дөңгелек қар мен мұзда көліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Температура тұрақты түрде +7 °C төмен түссе, дөңгелектерді ауыстыру ұсынылады. Қысқы дөңгелекті таңдағанда мынаны ескеру керек:Тікенекті (шегесі бар) немесе фрикциялық ("жабысқақ"): шегесі бар дөңгелек мұзды жолдар мен қарлы жерлерде жүруге қолайлы, ал "жабысқақ" дөңгелек қарлы және ылғалды қыста тиімді.

Протектор: терең протектор, әсіресе қарда көліктің тартуын жақсартады.

Аккумуляторды тексеру

Күн суытқанда аккумуляторға қосымша күш түседі және ескі аккумулятор көп жағдайда зарядты ұстамайды. Маманға барып аккумулятордың жағадайын тексеріңіз:Заряд деңгейін өлшеу: аккумулятор толығымен зарядталған болуы керек.

Тотығу бар ма тексеру: токтың жоғалуын болдырмау үшін клемалар мен жалғауларды тазалаңыз.Қуаттау: егер аккумуляторды қолданып жүргеніңізге 3-5 жылдан асқан болса, оны қыс келмей зарядтау немесе қажет болған жағдайда ауыстыру пайдалы болады.

Май мен сүзгілерді ауыстыруҚыста май қоюланады, бұл қозғалтқыш жұмысын қиындатады, әсіресе оталдырған кезде. Төмен температураға қолайлы жеңіл (синтетикалық) майды қолдану ұсынылады. Сонымен қатар, мыналарды тексеру маңызды:Ауа сүзгісі: таза сүзгі қозғалтқыштың оңтайлы жұмысын қамтамасыз етеді.

Жанармай сүзгісі: алдын алу мақсатында сүзгіні ауыстыру бітеліп қалу қаупін азайтады.

Салқындату жүйесін тексеру және антифризді ауыстыру

Антифриз радиатордағы сұйықтықтың қатып қалуын болдырмайды, сонымен қатар қозғалтқышты қызып кетуден сақтайды. Төмен температураға жарамды екеніне көзжеткізу үшін:Антифриздің тығыздығын өлшеңіз: ол өңірдің температуралық жағдайына сәйкес болуы керек.

Тесіктер жоқ па қарап шығыңыз: антифриздің ағып кетуі қозғалтқыштың қызуына немесе салқындату жүйесінің қатып қалуына әкелуі мүмкін.

Тығыздағыштар мен есіктерді майлау

Есіктер мен құлыптар қатып қалмауы үшін есік тығыздағыштарын силикон маймен, ал құлыптарды мұз қатуға қарсы арнайы құралдармен өңдеңеп қойыңыз. Бұл аязда қатып қалудан қорғайды.

Тежегіш жүйесін тексеруҚыста тежегіш жүйесі, әсіресе тайғақ жолда, жоғары жүктемеге ұшырайды. Мынаған назар аударыңыз:Тежегіш төсемінің қалыңдығы: тозған болса, ауыстырыңыз.

Тежегіш сұйықтығы: ластанған не ескірген сұйықтық өзінің қасиетін жоғалтады, бұл тежеу ​​өнімділігін төмендетуі мүмкін.

Көлікті қысқа дайындау кешенді тәсілді қажет етеді. Автокөліктің барлық жүйесін үнемі тексеріп отыру және арнайы қысқы құралдарды пайдалану көліктің тұрақты жұмысын және жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Осы нұсқауларды орындау арқылы суық мезгілде тәуекелдер мен күтпеген шығындарды азайтуға болады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus