Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады?

10 шілде, бейсенбі күні Қазақстанда кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, ал оңтүстік пен батыста аптап ыстық сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Астана – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде 12–14, күндіз 25–27 градус жылы.

Алматы – құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр, кей жерлерде қатты, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 5–10, екпіні 18 м/с дейін. Түнде 18–20, күндіз 27–29 градус жылы.

Шымкент – құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан 8–13, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде 17–19, күндіз 30–32 градус жылы.

Ақтөбе – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік, солтүстік-батыстан 5–10 м/с. Түнде 16–18, күндіз 32–34 градус жылы.

Ақтау – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Түнде 23–25, күндіз 33–35 градус жылы.

Атырау – ашық, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан түнде 2–7, күндіз 7–12 м/с. Түнде 24–26, күндіз 37–39 градус жылы.

Жезқазған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14, екпіні 15–20 м/с. Түнде 16–18, күндіз 27–29 градус жылы.

Қарағанды – құбылмалы бұлтты, аздаған жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Түнде 13–15, күндіз 23–25 градус жылы.

Көкшетау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Түнде 12–14, күндіз 25–27 градус жылы.

Қонаев – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 9–14, екпіні 17–22 м/с. Түнде 20–22, күндіз 28–30 градус жылы.

Қостанай – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан түнде 2–7, күндіз 9–14 м/с. Түнде 13–15, күндіз 26–28 градус жылы.

Қызылорда – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз құмды дауыл. Жел солтүстіктен 9–14, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде 19–21, күндіз 33–35 градус жылы.

Павлодар – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен 7–12 м/с. Түнде 12–14, күндіз 25–27 градус жылы.

Петропавл – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел батыстан түнде 5–10, күндіз 9–14 м/с. Түнде 12–14, күндіз 25–27 градус жылы.

Семей – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел солтүстік, солтүстік-шығыстан 7–12, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде 13–15, күндіз 23–25 градус жылы.

Талдықорған – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 7–12, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде 14–16, күндіз 28–30 градус жылы.

Тараз – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Жел солтүстік-батыстан 9–14, таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде 19–21, күндіз 27–29 градус жылы.

Түркістан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8–13, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде 19–21, күндіз 32–34 градус жылы.

Орал – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Түнде 16–18, күндіз 33–35 градус жылы.

Өскемен – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады 5–10, күндіз екпіні 15–18 м/с. Түнде 13–15, күндіз 25–27 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus