Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

17 миллиард теңгелік стадион: арена құрылысы қалай жүріп жатыр?

Астана әкімдігінде Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы жаңа стадион құрылысының 25 пайызға аяқталғаны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі жаңа аренаны пайдалануға беру мерзімі 2026 жылдың 2-тоқсаны деп хабарлаған болатын, алайда бастапқыда 1-тоқсан деп көрсетілген еді. Әкімдік бастапқы мерзім өзекті екенін растады.

"Стадионды ашу 2026 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған", – деп жауап берді әкімдік Tengri Sport сауалына.

Астана құрылыс басқармасы мәліметінше, қазіргі уақытта стадион құрылыс жұмыстарының 25 пайызы орындалған.
Tengri Sport тілшісі құрылыс алаңына барып, нысанның дайындығын бағалады.
Сурет: TengriSport.kz / Антон АлексеевҚазақстандағы ең көне стадионның орнында жаңа арена қарқынды түрде салынып жатыр. Болашақ аренаның эскизінде байқалатын арканың құрылысы басталып кеткен.
Болашақ стадионның эскиздері: gosexpertiza.kz // Астана Дене шынықтыру және спорт басқармасыАстана әкімдігі стадион құрылысына бөлінген бюджет өзгеріссіз қалғанын - 16,7 миллиард теңге екенін мәлімдеді. Сондай-ақ аренаның жоспарлы сыйымдылығы да бұрынғыдай - 3,6 мың адам.
Сурет: TengriSport.kz / Антон Алексеев
Сурет: қайта жөндеуге дейін және қазіргі жағдай // TengriSport.kz
Мұңайтпасов атындағы стадион – тарих
Айта кетейік, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион - Қазақстандағы ең көне спорт нысандарының бірі. Ол 1936 жылы салынған және 12,5 мың адамға арналған еді.
Сурет: TengriNews.kz / Тұрар Қазанғапов2024 жылдың ақпанында стадионды бұзу туралы шешім қабылданып, әкімдік оның орнына 4,5 мың адамдық жабық арена салынатынын хабарлады. Жарияланған сәттен бастап бір жыл ішінде орын саны 900 адамға қысқарды, ал құрылыстың құны керісінше - 17,3 миллиард теңгеден 16,7 миллиард теңгеге азайды.


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus