Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда автокөліктер мен жүктерді мемлекеттік шекара арқылы өткізу ережелері өзгеруі мүмкін

Көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан шекарасы арқылы өткізу, оның ішінде ақылы негізде электрон кезек жүйесін пайдалану арқылы өткізу ережелері өзгеруі мүмкін. Жаңа ережелерді ҚР Ұлттық экономика министрлігі "Ашық НҚА" порталында талқылауға ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жаңа ережелер туралы:
Жобаны әзірлеушілердің пікірінше, бұл өзгерістер шекарадан өту мен маршрутты жоспарлау кезінде бәрі ашық, тәртіпке сай және болжауға оңай болатынын қамтамасыз етеді.
Құжат 14 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.

"Жоба құқық қолдану тәжірибесін, тасымалдаушылардың өтініштерін және қолданыстағы заңнаманың ережелерін ескере отырып әзірленді", – делінген құжаттың түсіндірмесінде.

Негізгі өзгерістер мыналарды қамтиды:

Жалған мәліметтер үшін және броньды пайдаланбағаны үшін жауапкершілік енгізу: пайдаланушылардың аккаунттарын бұғаттау және кепілдік жүйесі арқылы жүзеге асырылады;
Жергілікті атқарушы органдарға өткізу бекеттерінің маңында күту аймақтарын ұйымдастыру міндеттеледі;
Кезектен тыс және жедел өту тәртібі бөлініп, жедел өту үшін жеке ақылы режим енгізіледі;
Артықшылығы бар жүктер (жануарлар, тез бұзылатын, қауіпті жүктер) үшін жеке слоттар құрылады;
Фотоға түсіру, сәйкестендіру, мемлекеттік дерекқорлармен (мысалы, VIN-код және сақтандыру) жұмыс істеудің техникалық механизмдері нақтыланады;
Бірнеше рет бронь жасауға шектеу, бронь уақытын ауыстыру мүмкіндіктерін кеңейту қарастырылған.

Жүк тасымалдаушылар Қазақстан шекараларындағы өткізу бекеттерінде ұзын-сонар кезектерге жиі шағымданады. Маусымның басында батыс өңірде жүк көліктері шекарада 10 шақырымдық кезекте тұрып қалды. Олар бірнеше күн бойы өз кезегін күткен.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus