Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда киік санын реттеу туралы шешім қабылданды - экология министрі

Қазақстанда киіктердің санын реттеу жоспарланып отыр. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Батыс Қазақстан облысында фермерлермен кездесуде мәлімдеді. Фермерлердің айтуынша, киіктер егістіктерді таптап, малды жайылымдардан ығыстырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Фермерлердің айтуынша, бұл - жай ғана табиғи фактор емес, бұл жүйелік дағдарыс. Жекелеген аудандарда егін мен жайылымның тапталуынан келтірілген залал жүздеген миллион теңгені құрайды. Фермерлер инвестицияларды, жемшөпті, малды және аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін жоғалтады.

"Жебе" шаруа қожалығының басшысы Қайрат Зулкашев: "Біз әр маусымда егіннен айырылып, орасан зор шығынға ұшыраудамыз. Бұл жай ғана жануарлар мәселесі емес-бұл азық-түлік қауіпсіздігі, шағын фермерлердің өмір сүруі және тұрақтылық қаупі. Егер шаралар қабылданбаса, біз бүкіл шаруашылықты жоғалтамыз", - деп атап өтті.

"ECO Club" ЖШС директоры Бекжан Сабанов шешімді кейінге қалдыруға болмайтына тоқталды: "Киік саны ауыл шаруашылығына қауіп төндіретін деңгейге жетті. Жабайы табиғат пен экономикалық қызмет арасындағы қақтығысты болдырмау үшін популяциялар саны бүкіл әлемде реттеледі. Мысалы, Австралияда кенгуру саны бақыланады. Ал, бізге талқылау қажет емес – бізге нақты шаралар қажет".
Өзінің ғылыми ұстанымын биология ғылымдарының докторы, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ проректоры Әлжан Шәмшідінжағдайдың ғылыми дәлелдерге негізделген араласуды қажет ететінін атап өтті: "Біз санның артуын тіркейміз, мұндай тығыздықта жануарлар да, адамдар да зардап шегеді. Жабайы жануар санын реттеу-өркениетті елдерде қолданылатын ғылыми негізделген құрал. Бұл түрдің қысқаруы емес, оның тұрақтылығы үшін экожүйені басқару".
2025 жылғы есеп деректері бойынша Қазақстанда киік саны 3,9 млн басқа жетті. Бұл 1974 жылы тіркелген тарихи максимумнан үш есе көп (1,2 миллион). Тек Батыс Қазақстан облысындағы бұл тұяқты саны 2,3 млн бастан асады.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев талқылау қорытындысы бойынша киік санын реттеу туралы шешім қабылдады. Ол ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Зоология институтының ғалымдары дайындаған бионегіздеме, сондай-ақ Австралия, Финляндия, Канада, АҚШ, Оңтүстік Африка және т.б. елдердің жабайы жануарлар популяциясын тұрақты басқару саласындағы халықаралық тәжірибені талдаудан туындаған шешім.

"Ғылыми тұжырымдарға, фермерлердің ұсыныстарына және әлемде қолданылатын жекелеген түрлерді реттеу тәжірибесіне сүйене отырып, киік санын реттеу туралы шешім қабылданды", – деп атап өтті министр.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі "Охотзоопром" ӨБ РМҚК күшімен және құралдарымен жануарларды іріктеп реттеуді жүргізеді. Жануарларды іріктеу Халықаралық табиғат қорғау келісімдеріне сәйкес ғылыми негіздемеге сүйеніп жасалады.
Зардап шеккен өңірлердің әкімдіктері ауыл шаруашылығы және экология министрліктерімен бірлесіп эпизоотиялық мониторингті, қабылдау және қайта өңдеу пункттерінің дайындығын, экологиялық заңнамаға сәйкес барлық ветеринариялық-санитариялық және өзге де талаптарды сақтай отырып, қосымша шараларды қамтамасыз етеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus