Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жамбыл облысында биыл 444,6 шақырым жол орта жөндеуден өтеді

Жамбыл облысында  жол саласында 181 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Қазіргі таңда 81 жоба бойынша жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы аймақ басшысы Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңесте айтылды.

Жиында жергілікті автомобиль жолдарының жай-күйі және қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мәселесі, сондай облыс әкімінің Жуалы ауданы халқымен кездесуде берген тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықовтың баяндамасы тыңдалды.

Облыстағы жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге биыл 28 млрд теңге қарастырылған.

Бөлінген қаржыға барлығы 181 жоба іске асырылып, 470,3 шақырым жол құрылыс, қайта жаңғырту, орта жөндеумен қамтылады деп күтілуде.

Атап айтқанда, Тараз қаласы «Барысхан», «Бұрыл А, Б, В» алқаптарына 17,7 шақырым жол салынады.

8 шақырым жол қайта жаңғыртылады.

444,6 шақырым жол (62,1 шқ – облыстық маңызы бар, 50 шқ – аудандық маңызы бар автожол, 332,5 шқ – елді мекен көшелері) орта жөндеуден өтеді.

Бұдан бөлек, 8 көпір мен 2 жол өткелін салу көзделген.

Жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында бөлінген қаржының 4 млрд теңгесі жергілікті жолдар мен елді мекен көшелерін ағымдағы жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстарына бағытталады.

Бүгінде 81 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жол активтері сапасының ұлттық орталығы 24 нысан бойынша 42 инспекциялық тексеру жүргізіп, 149 сынама іріктеді. Оның ішінде 31 сынама талаптарға сай деп танылды, 52 сынама бойынша сынақ жұмыстары жүргізіліп жатыр, ал 66 сынамада сәйкессіздіктер анықталды.

Өңірде битум тапшылығы жоқ. 2025 жылы жүзеге асырылатын жол жөндеу жобаларына 30 мың тонна битум қажет. Қазіргі таңда сыйымдылығы 34,1 мың тоннаны құрайтын жеті битум сақтау қоймасында 7,4 мың тонна қор жинақталған.

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесін 99,5 пайызға (2024 ж. — 99%), елді мекен көшелері бойынша бұл көрсеткішті 89 пайызға (2024 ж. — 87%) жеткізу межеленіп отыр.

Басқарма басшысы өз баяндамасында қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мәселесіне де тоқталды.

Басқосуда жергілікті автомобиль жолдарының жай-күйіне жүргізілген зерделеу қортындылары шығарылды.

Ербол Қарашөкеев жол сапасына қатысты кемшіліктер жоқ емес екенін алға тартып, Тараз қаласы мен аудан әкімдерінен есеп алды.

Республикалық маңызы бар «Шу-Қайнар» және «Ескі Күйік асуы» автожолдарын күрделі жөндеу өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтіп жұмыс қарқынын үдетуді тапсырды.

– Жол құрылысы мен жөндеу жұмыстары, қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалдау мәселелері үнемі бақылауда болуы тиіс. Жол құрылысы сапасына ерекше назар аудару қажет, себебі бұл  жол қозғалысы қауіпсіздігінің басты кепілі.

Қоғам тарапынан жолдардың жағдайы мен қоғамдық көлік қызметіне қатысты сын-ескертпелер жиі айтылуда. Осыған байланысты әрбір жағдай бойынша нақты кері байланыс орнатылып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты шаралар қабылдануы қажет, – деді Ербол Қарашөкеев.

Сообщение Жамбыл облысында биыл 444,6 шақырым жол орта жөндеуден өтеді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus