Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Сенат тағы да Жоғарғы сот судьяларын қызметінен босатты

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды.

Палата отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов Президенттің ұсынымын оқып берді.

— Сенаттың қарауына Досжан Сарманқұлұлы отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысы енгізілді. Судья зейнеткерлік жасқа толды. Ол судьялар қоғамдастығында жоғары беделге ие, — деді Дмитрий Малахов.

Сонымен қатар Жоғарғы сот судьясы қызметінен Герман Каримұлы Нұрбаев босатылды. Ол жақында ТМД Экономикалық сотының төрағасы лауазымана сайланған еді.

Сенаторлар бұл ұсынысқа қолдау білдіріп дауыс берді.

Досжан Сарманқұлұлы Жамбыл облысында туған. 1988 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.

Еңбек жолы: 1979-1980 жылдары Жамбыл облысы Чапаев атындағы совхозда ток дәнекерлеуші, 1982-1988 жылдары совхоздың машина ауласының слесарі, 1988-1989 жылдары Петропавл қаласының заң кеңсесінің адвокаттар алқасында тағылымдамашы, 1989 жылы Петропавл қаласының адвокаты, сол жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық сотының судьясы болып қызмет атқарған. 1990 жылы СҚО Ленин аудандық сотының судьясы, 1990-1997 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық сотының мүшесі, 1997-1999 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы, 1999-2002 жылдары Теміртау қаласы сотының төрағасы, 2002-2007 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы, 2007-2009 жылдары Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы, 2009-2010 жылдары Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы, 2010-2011 жылдары Жамбыл облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы, 2011-2015 жылдары Маңғыстау облыстық сотының төрағасы, 2015-2017 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы, 2017-2022 жылдары Ақмола облыстық сотының төрағасы лауазымын атқарды.

Герман Каримұлы Нұрбаев 1968 жылы Семей облысы, Қарауыл ауылында дүниеге келген.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметінде 2021 жылдан бері атқарып келді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 19 маусымда Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы сотының бір судьясы лауазымынан босатылған еді.

Сообщение Сенат тағы да Жоғарғы сот судьяларын қызметінен босатты появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus