Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда жеке куәлікті ауыстырудың жаңа тәсілі пайда болды

Енді жаңа куәлікті онлайн рәсімдеуге болады. eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы жеке куәлікті онлайн түрде ауыстыруға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қызметті eGov.kz порталында қалай алуға болады?Қызметке тапсырыс беру үшін eGov.kz порталында тіркеліп, қажет қызметті таңдап, биометриялық сәйкестендіруден өту, мәліметтерді толтыру, қол қою әдісінің бірі арқылы өтінімді растау және мемлекеттік баж салығын банк қосымшасы арқылы төлеу қажет. Қызметті eGov Mobile қосымшасында қалай алуға болады?
Мобильді қосымша арқылы өтінім беру үшін қосымшада тіркеуден өту, тиісті қызметті таңдап, биометриялық сәйкестендіруден өту, қажет деректерді толтыру, құжатты алу орнын көрсету, мемлекеттік баж салығын төлеу және өтінімді Face/Touch ID арқылы растау қажет.
Бұл қызметті кімдер пайдалана алады?
Бұл қызметті тек жеке куәлік иесі ала алады. Басқа адамның атынан, тіпті сенімхат немесе қамқоршылық негізінде де өтінім беру мүмкін емес.
Жеке куәлікті қандай жағдайда онлайн түрде ауыстыруға болады?
Жеке куәлікті онлайн түрде тек оның қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда ауыстыруға болады, яғни құжат мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн бұрын немесе мерзімі өткеннен кейін 10 күн ішінде.
Дайын құжатты қайдан және қашан алуға болады?
Жаңа жеке куәлікті алдын ала көрсеткен тіркеу пунктінен алуға болады. Құжатты дайындау мерзімі - 15 жұмыс күні.
Мемлекеттік баж салығы қанша?

Қызметтің стандарт түрі үшін мемлекеттік баж – 0,2 АЕК.

Құжатты жедел рәсімдеу қажет болған жағдайда тез арада қызмет көрсету түрлері қолжетімді:

3 жұмыс күні үшін 1 771 теңге,1 жұмыс күні үшін 3 372 теңге.

Қолданушы биометриялық сәйкестендіруден өте алмаса не істеу керек?
Кейбір жағдайларда пайдаланушылар биометриялық сәйкестендіруден өте алмауы мүмкін. Бұл бет-әлпетінің ерекшеліктеріне, операциядан кейінгі өзгерістерге, тыртықтар болуына, жас ерекшеліктеріне немесе мимикаға байланысты болуы ықтимал.
Мұндай жағдайлар қызмет көрсетуден бас тарту болып саналмайды, бұл қауіпсіздік шарасы ретінде қарастырылған. Онлайн сәйкестендіруден өту мүмкін болмаған жағдайда жүйе автоматты түрде балама нұсқа, яғни ХҚКО арқылы рәсімдеуді ұсынады. Бұл кезде өтініш беруші өзіне ыңғайлы кез келген ХҚКО-ға жүгіне алады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus