Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Әйеліне рәсімдеген“: Антикор қазақстандықтың 2 миллиард теңге болатын мүлкін тәркіледі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет іздеуде жүрген тұлғадан құны 2,3 миллиард теңгеден астам мүлкін тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қабылдаған шаралардың нәтижесінде 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген және ақшаны заңдастыруға қатысы бар деп күдікке ілінген тұлғаның ақшалай қаражаты мен мүліктік активтерінің қылмыстық жолмен алынғаны дәлелденді.

"Ол жылжымалы және жылжымайтын мүліктің қымбат нысандарын, оның ішінде жұбайына ресімделген нысандарды сатып алу үшін шамамен 1,5 миллиард теңге заңға қайшы ақшаны пайдаланған. Олардың қатарына Алматы қаласы мен Алматы облысындағы люкс автомобиль, пәтер, жер учаскелері, тұрғын үйлер мен құрылыстар жатады", - делінген хабарламада.

Қаржылық тергеу қосымша 1,7 миллион АҚШ долларын (872 миллион теңгеден астам) және Қазақстанның екінші деңгейдегі банктеріндегі айыпталушы мен оның жұбайының шоттарында 47 миллион теңге анықтады. Олар қылмыс жасау кезеңінде алынған және олардың ресми табыстарына сәйкес келмейді.

"Биыл 16 маусымдағы сот қаулысымен ақшалай қаражат пен мүліктік объектілер мемлекет кірісіне тәркіленді".

Антикор мәліметінше, жалпы, жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) фактілері бойынша отызға жуық қылмыстық істі тергеуді бастаған. Істің бір бөлігі сотқа жіберіліп, айыптау үкімі шығарылды.

"Мысалы, спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатынан 745 млн теңгеден астам соманы жымқыру фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқан бұрынғы лауазымды адамның қаржылық ағындарына жүргізілген талдау нәтижесінде, оның қылмыстық жолмен алынған қаражатқа екі қымбат автокөлік сатып алғаны және 240 млн теңгеденастам соманы жоғары табыс алу мақсатында өзі бақылауындағы компанияның шотына аударғаны анықталды.
Тағы бір жағдай, күдіктілер жеке кәсіпкер болып табылатын туыстары арқылы инфрақұрылымдық, қала құрылысы жобаларын іске асыруға бюджеттен бөлінген 237 млн теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, олардан пәтерлер, автокөліктер және басқа да мүліктер сатып алған".

Соттың санкциясымен мүліктік объектілерге тыйым салынды.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге деақпарат жария етілуге жатпайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus