Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Дархан Сатыбалды Алматыны ғылыми және білім беру хабы ретінде дамыту жайын Coventry University басшылығымен талқылады

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Ұлыбританияның жетекші оқу орындарының бірі – Coventry University-мен серіктестікті дамыту, Алматыда инженерлік кампус ашу мәселесіне арналған кездесу өткізді.
Кездесуге Coventry University проректоры, кәсіпкерлік және инновациялар жөніндегі маман Пол Нун, Primus Education президенті Алистер Бартоломью және Coventry University Kazakhstan президенті Мирас Дәуленов қатысты.

Coventry University Kazakhstan – Қазақстанда ресми түрде ашылған алғашқы шетелдік университеттердің бірі. Университеттің алғашқы кампусы 2024 жылы Астанада ашылған. Қазіргі таңда онда 360-тан астам студент білім алып жатыр. Оқу толықтай ағылшын тілінде жүргізіледі, ал оқытушылар құрамы Ұлыбританиядан келген мамандардан тұрады.
Кездесу барысында Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысы ғылымды дамытуға, озық технология мен инновациялық шешімдерді енгізуге айрықша көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

"Алматы тек қаржылық және іскерлік хаб қана емес, сонымен қатар ғылыми-білім беру орталығы ретінде де қарастырылады. Ресми статистика бойынша қалада шамамен 2,5 миллион адам тұрады, оның 30%-дан астамы – жастар. 200 мыңнан астам студент 35-тен астам жоғары оқу орнында білім алып жатыр", – деді әкім.


Жоспарға сәйкес, Coventry University Kazakhstan Алматының бизнес-қоғамдастығымен, қалалық құрылымдармен және білім беру мекемелерімен стратегиялық әріптестік орнатуды көздейді. Негізгі мақсат – еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлау және қаланың технологиялық дамуына қолдау көрсету.
Суреттер: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Осы мақсатта университет Алматыда инженерлік кампус ашуды жоспарлап отыр. Ол машина жасау, электр энергетикасы, атом энергетикасы және құрылыс салалары бойынша мамандар дайындауға басымдық береді.

"Біздің мақсатымыз – елдің негізгі салаларының дамуына үлес қоса алатын білікті мамандар даярлау. Оған ақпараттық технология, қаржы, бизнес және кәсіпкерлік те кіреді. Біз тек Астана емес, бүкіл Қазақстан еңбек нарығының сұранысына бейімделген бағдарламалар ұсынамыз. Алматы – жас әрі дарынды мамандарға тұрақты сұранысы бар, әлеуеті жоғары мегаполис", – деді Coventry University Kazakhstan президенті Мирас Дәуленов.

Кездесу соңында Дархан Сатыбалды қала әкімдігі білім беру ортасын дамытуға бағытталған жобаларға ашық екенін және оларды жан-жақты қолдауға дайын екенін айтты.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus