Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

СІМ Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрлік кейінгі уақытта АҚШ-тың Иранға жасаған әскери әрекеттері салдарынан "біздің аймақта орналасқан мемлекеттердің қауіпсіздігіне қатер төндіріп, халықаралық жағдай күрт нашарлап бара жатқанын" атап өтті.
Сондай-ақ, Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Каспий маңы елдер тобына кіретінін және Иранмен түрлі салаларда ынтымақтастық орнатып жатқанын жеткізді.

"Біздің ел барлық қайшылық, оның ішінде ядролық мәселелер де БҰҰ Жарғысы негізінде келіссөздер арқылы шешілуге тиіс деп санайды. Ядролық қарудың таралуына жол бермеу және оны таратпау режимін ұстанатын мемлекеттердің қауіпсіздігіне кепілдік беру мақсатында барлық мүдделі тараптарды келісім әзірлеуге шақырамыз", - делінген ҚР СІМ мәлімдемесінде.

Еске салайық, бұған дейін Дональд Трамп АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарға соққы жасағанын, америкалық ұшақтар Иран әуе кеңістігінен шыққанын және АҚШ-қа оралғанын мәлімдеген. Сонымен қатар, Трамп әкімшілігі бұл шабуыл туралы Израильді алдын ала құлағдар еткен. Иран бұл шабуылдарды растады.
Бұған дейін Трамп Иранға соққы жасау туралы шешімді екі апта ішінде қабылдайтынын айтқан еді, ал АҚШ вице-президенті бұл соғысқа тікелей қатысуға қарсы екенін мәлімдеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus