Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Трампқа импичмент жариялана ма? АҚШ-та Иранға жасалған соққыдан кейін мәлімдеме жасалды

Ирандағы ядролық үш нысанға, оның ішінде жер астындағы Фордо кешеніне жасалған шабуылдардан кейін АҚШ-та президент Дональд Трампқа импичмент жариялау мәселесі қайта көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Трамп АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарға соққы жасағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, америкалық ұшақтар қазір Иран әуе кеңістігінен шығып, АҚШ-қа қайтып бара жатыр. Сонымен қатар, Трамп әкімшілігі бұл шабуыл туралы алдын ала Израильді құлағдар еткен. Иран тарапы әуе шабуылдарын растады.
Бұған дейін Трамп Иранға соққы жасау туралы шешімді екі апта ішінде қабылдайтынын айтқан болатын. Ал АҚШ вице-президенті бұл соғысқа тікелей араласуға қарсы екенін мәлімдеген.
АҚШ-тың Иран нысандарына жасаған әуе шабуылдары Израиль мен Иран арасындағы бір аптадан аса уақытқа созылған әуе қақтығыстары аясында болды. Қақтығыстар салдарынан екі елде де қаза тапқандар мен жараланғандар бар.
АҚШ-та Трампқа импичмент талап етілді
Ирандағы ядролық нысандарға соққылардан кейін демократтар АҚШ президенті Дональд Трампқа импичмент жариялауды талап етті. Олар бұл әрекетті конгресс өкілеттігін өрескел бұзу деп бағалап отыр.

"Президенттің рұқсатсыз соққы жасау туралы шешімі - бұл Конституция мен Конгрестің әскери өкілеттігін ашық бұзу. Ол өз бетімен әрекет етіп, бізді ұзақ уақытқа созылуы мүмкін соғыс қатеріне итермеледі. Бұл сөзсіз импичментке негіз бола алады", - деп жазды Нью-Йорк штаты атынан АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының мүшесі Александрия Окасио-Кортес X (бұрынғы Twitter) желісіндегі парақшасында.

Оның мәлімдемесін Иллинойс штатының 6-округінен сайланған конгрессмен Шон Кастен де қолдады.

"Бұл Иранның ядролық бағдарламасының мазмұнына қатысы жоқ. АҚШ-қа тікелей қауіп төндіріп тұрмаған мемлекетті бомбалау, әсіресе Конгресс рұқсат бермесе, ешбір президентке мұндай құқық берілмейді. Бұл - импичментке себеп болатын жағдай", - деп жазды ол X желісінде.

Республикалық партия өкілі Томас Мэсси де Иранға жасалған шабуылдарды "конституцияға қайшы" деп атап, келіспейтінін білдірді. Алайда ол импичментті қолдамады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus