Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Бас прокуратура Мұрат Боранбаевтың ұсталуына қатысты мәліметтерді жариялады

Бас прокуратура Мұрат Боранбаевтың ұсталуына қатысты мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, оған қатысты қылмыстық іс 2022 жылғы қазанда Алматы бойынша экономикалық тергеу департаментінде тіркелген. Боранбаев ақылы автотұрақ жүйесін іске қосу кезінде қаржы жымқырды деген күдікке ілініп, іздеу жарияланған.
Бас прокуратура Мұрат Боранбаев ерікті түрде келгеннен кейін ұсталғанын мәлімдеді. Ол кінәсін мойындап, заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару туралы процестік келісім жасаған. Ресми ақпарат бойынша, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының шешімімен Мұрат Боранбаев қылмыстық жауапкершіліктен босатылған.
Боранбаевтың ісі қалай өрбіді?
2022 жылы Қаржы мониторингі агенттігі кәсіпкер Мұрат Боранбаевқа іздеу жариялаған. Ол Алматыдағы ақылы автотұрақтарға байланысты қылмыстық істің басты фигуранты және қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы ретінде аталды.
Мемлекеттік сатып алу сайтындағы мәліметке сәйкес, Боранбаев 2017 жылы "Alan Parking" ЖШС-нің директоры болған.
2022 жылғы сәуірде бұл компанияның директоры Мұхтар Базарбаев, кейін "Алматы спецтехпаркинг сервис" ЖШС директоры Марат Принбеков ұсталған болатын.
2023 жылғы желтоқсанда кәсіпкер Қайрат Боранбаев иелік ететін RR2 компаниясы "Alan Parking" компаниясындағы 30% үлесті сатып алғаны белгілі болды. Бұған дейін ақылы автотұрақтарды басқаратын оператор мемлекетке тиесілі еді.
Кейін Алматы қаласының әкімдігі "Алматы спецтехпаркинг сервис" компаниясының 70% үлесі мен "Alan Parking" компаниясының 100% үлесі қаланың меншігіне қайтарылғанын мәлімдеді.
Іздеу қалай тоқтатылды?
2023 жылғы күзде Мұрат Боранбаев әлі де халықаралық іздеуде болған. Сол кезде Экономикалық тергеу қызметі аса ірі көлемде мемлекеттік қаржы жымқыру дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеген.
Алайда, Tengrinews.kz редакциясы 2022 жылы құқықтық статистика порталында жарияланған іздеу туралы ақпарат жойылғанын байқаған. Осыған байланысты ресми сұрау жолдаған.
Қаржы мониторингі агенттігі жауап ретінде:

"Боранбаев М.С.-ты іздеу 2024 жылғы 24 желтоқсанда оның ұсталуына байланысты тоқтатылды", – деп хабарлаған.

Басқа ақпарат берілмеді. Агенттік бұл сұрақ бойынша Бас прокуратура жанындағы активтерді қайтару комитетіне жүгінуге кеңес берген. Tengrinews.kz редакциясы бұл комитетке де ресми сұрау жіберген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus