Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Трамп Иранға ауқымды соққы жасауды мақұлдады - БАҚ

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Вашингтонның Иранға соққы жасауға қатысуын мақұлдады. Бұл туралы Пулитцер сыйлығының лауреаты, америкалық журналист Сеймур Херш мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости мәліметіне сілтеме жасап.

"Маған Ақ үй Иранды толық бомбалауды мақұлдағанын айтты", – деп жазды ол Substack платформасында жарияланған мақаласында америкалық шенеуніктер мен израильдік дереккөздерге сілтеме жасап.

Сондай-ақ, бейсенбіде америкалық The Wall Street Journal газеті Трамптың Иранға әскери соққы жасау жоспарын мақұлдағанын, алайда оны іске асыру туралы бұйрық бермегенін хабарлады.
Басылымның дереккөздерінің айтуынша, Ақ үй басшысы Тегеранның жақын арада ядролық бағдарламадан бас тартуына үміттеніп отыр.
Егер шабуыл жасалса, АҚШ-тың басты нысанасы Фордо қаласындағы уран байыту зауыты болады. Ол тау астында орналасқан және әскери сарапшылардың пікірінше, тек аса қуатты GBU-57A бомбаларымен ғана жойылуы мүмкін. Бұл бомбаларды тек АҚШ-тың B-2 Spirit "көрінбейтін" бомбалаушысы жеткізе алады.
Сонымен қатар, Axios басылымының Ақ үйдегі дереккөздеріне сүйенсек, операция басталар алдында Трамп әскери қызметкерлерден бұл бомбалардың зауытты жоюға жеткілікті екеніне кепілдік беруді талап етіп отыр. Бұдан бөлек, Трамп Таяу Шығыста ұзаққа созылатын соғысқа араласқысы келмей, тек нысаналы соққылармен шектелуді қалайды.
Бейсенбіде Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт Трамптың АҚШ-тың Иран мен Израиль арасындағы жанжалға араласуы және Иранға соққы жасауы туралы шешімді екі апта ішінде қабылдайтынын айтты.

"Алдағы уақытта Иранмен келіссөздер өтуі не өтпеуі мүмкін екендігін ескере отырып, әрекет ету немесе әрекет етпеу жөніндегі шешімді келесі екі аптада қабылдаймын", – деп Трамптың сөзін журналистерге оқып берді Левитт.

Оның айтуынша, Вашингтон Тегеранмен жасалатын кез келген келісімде "уран байытуды" қамтуға болмайды және Иранға ядролық қаруға ие болуға жол берілмеуі тиіс деген ұстанымда. Ақ үй келіссөздердің жалғасып жатқанын растады, бірақ басқа мәліметтер келтірмеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus