Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астана мен Братислава арасында мазмұнды саяси диалог орнаған — Президент

Қазақ-словак бизнес форумы екі елдің өзара ықпалдастығын одан ары дамытуға жол ашады. Бұл туралы Словакия Премьер-министрі Роберт Фицомен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

— Ең алдымен Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо мырзаға және барша делегация мүшелеріне елімізге қош келдіңіздер деймін. Словакия Қазақстанның Еуропа одағындағы маңызды әрі сенімді серіктесі. Екі жақты қарым-қатынасымыздың тарихы маңызды оқиғаларға толы. Қазіргі таңдағы екі елдің өзара байланыстары достық және сыйластық рухында нығайып жатыр. Астана мен Братислава арасында мазмұнды саяси диалог орнаған, — деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, екі елдің арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы байланыс жылдан-жылға дамып келе жатыр. Шарттық-құқықтық негіз қалыптасқан. Екі елдің алыс-берісі де ұлғайып келеді.

— Қазақстанда 30-дан астам словак компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр. Елімізге Словакияның ірі кәсіпкерлері де келді. Соған байланысты Роберт Фицо мырзаға алғысымды айтамын. Бүгін бизнес форум өтеді. Бұл жиын өзара ықпалдастығымызды одан ары нығайтуға жол ашады деп сенемін, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицомен шағын құрамда келіссөз жүргізгенін жазған едік.

Ал кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында Мемлекет басшысы Словакия Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды әрі сенімді серіктесі екенін айтты.

Сообщение Астана мен Братислава арасында мазмұнды саяси диалог орнаған — Президент появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus