Діни сауатсыздықтың салдары Аңдатпа: Бұл мақалада діни сауатсыздықтың қоғамға тигізетін теріс салдары қарастырылады. Діни білімнің жеткіліксіздігі адамдардың деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсуіне, радикализм мен экстремизмнің таралуына себеп болатыны талданады. Сондай-ақ, мақалада діни сауатсыздықтың адамдардың құқықтары мен қауіпсіздігіне, әлеуметтік тұрақтылыққа және дінаралық келісімге қауіп төндіретіні көрсетіледі. Діни білімді арттырудың маңыздылығы мен оны шешу жолдары ұсынылады. Түйін сөздер: Діни сауатсыздық, деструктивті діни ағымдар, экстремизм, радикализм, діни білім, діни қауіпсіздік, діни тұрақтылық, діни келісім. Кіріспе Біз қазір 2025-жылда Қазақстан Республикасында өмір сүріп жатырмыз. Қазақстан зайырлы мемлекет екені белгілі, яғни, әр адамның діни сенім бостандығы бар, бұл мәселе тұрғысында құқықтық тұрғыдан бекітілген заңнамалар да...