Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Демалыс қажет екенін білдіретін 5 белгі қандай?

Кейде дене емес, жанымыз шаршайды. Бірақ өзімізге "шаршадым" деп айтуға да рұқсат бермейміз. Massaget.kz тілшісі сізге шын мәнінде демалыс керек екенін білдіретін 5 белгі туралы айтады. 

Барлығы ашуландырады

Кішкентай кедергі – үлкен апат сияқты сезіледі. Бұл – эмоционалдық күйзелістің белгісі. Ұйықтап тұрып та шаршайсыз. Ұйқыңыз қанса да, күшіңіз қалпына келмейді. Демек, бұл – тек физикалық емес, ментал шаршау. Қуанышты сәттер де қызықсыз. Жақсы жаңалықты естісеңіз де, эмоция жоқ. Бұл – ішкі ресурстың таусылғанының сигналы. Өзіңізге рұқсат сұрап жүрсіз. "Мен қазір демалсам бола ма?" деп өз-өзіңізге шектеу қою – күйіп кетуге апарады. Кейде жылап алғыңыз келіп тұрады. Бұл – жиналған эмоцияның шығатын жол іздеуі.

Не істеу керек?

Бір күн болса да өзіңізге арналған "тыныштық күні" жариялаңыз. Телефонды өшіріп, табиғатқа шығыңыз немесе ұйықтаңыз. Ешкімге есеп бермей. Өзіңізге демалуға рұқсат беріңіз.

Әңгіме шаршатса: ішкі тыныштықты сақтаудың жолдары

Бәрімізге таныс жағдай: біреумен сөйлесіп шыққан соң ішкі энергияңыз толық таусылып қалады. Бұл – бос әңгіме емес, энергияны жейтін қатынас.

Энергияны сорып алатын диалогтар:

Бір жақты әңгіме (сіз тек тыңдаушысыз);Үнемі шағым айтатын адаммен сөйлесу;Өзімен тек мақтана беретін адам.

Қалай әрекет етуге болады?

Шекара қою – өзіңді қорғау. Мысалы: "Қазір тыңдай алмаймын, кейін сөйлесейік". Диалог емес, монолог басталса – тақырыпты өзгертіңіз. Кейбір әңгімелерге "жоқ" деу – өз тыныштығыңыз үшін жауапкершілік.Айналаңызды тек тыңдай білетін, өзара энергия алмасатын адамдармен қоршаңыз.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus