Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Меруерт – мектеп мақтанышы

Білім – ел болашағының темірқазығы. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын?» – деп бекер айтпаған. Қай кезде де елдің өркендеуі білімді ұрпақтың қолында. Осы ұлы мұратты жүзеге асырып келе жатқан қарашаңырақтардың бірі – Тамды ауылындағы Қойгелді атындағы орта мектеп.
Аталған білім ордасы жыл сайын аудан көлемінде сапалы білім берудегі жетістіктерімен ерекшеленіп келеді. Соның айқын дәлелі ретінде, 2024 жылы Қойгелді атындағы орта мектебі білім сапасы бойынша озық көрсеткіштерге қол жеткізіп, ауыл мектептері арасында ерекшеленді. Жыл сайын аталмыш мектептен «Алтын белгіге» үміткер түлектер түлеп ұшып, олардың білім жолындағы табыстары мектептің абыройын арттырып келеді.
Солардың бірі – Меруерт Досымбек, биылғы жылғы «Алтын белгіге» үміткер оқушылардың алдыңғы қатарында. Табандылығы мен ынтасының арқасында Меруерт биология пәнінен республикалық олимпиадаға қатысып, Астана қаласынан жүлделі ІІІ орынды иеленіп қайтты. Бұл – тек мектептің ғана емес, тұтас ауданның мерейін өсірген үлкен жетістік.
Меруерттің білім жолындағы жетістігі білікті ұстаздарының, нақтырақ айтқанда, Айгүл Манабаева сынды тәжірибелі мұғалімнің де ерен еңбегінің жемісі. Ұстаз бойындағы сабыр, төзім мен білімге деген адалдық шәкірт жүрегінде шырақ болып жағылғаны анық. Айгүл Манабаева өз ісінің шебері, бірнеше жыл бойы үздік оқушыларды тәрбиелеп, көпке білімімен үлгі болып келеді.
Меруерттің биік белесті бағындыруы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің назарынан да тыс қалмады. Облыс әкімі оқушыны арнайы қабылдап, Алғыс хат пен 100 000 теңге көлеміндегі сыйақыны табыстады. Сонымен қатар, жаз айларында ол Астана қаласында өтетін жазғы олимпиадалық дайындық лагеріне жолдама алды. Бұл – болашақ биік асуларға бастар нақты қадам.
Шәкірт жетістігі – ұстаз мерейі. Шәкіртінің осы жетістігі үшін Айгүл Манабаева да Алғыс хат­пен марапатталып, педа­гог мәртебесі тағы бір асқақтай түсті.
Еліміздің болашағы – білімді жастардың қолында. Себебі ғылым мен технология дамыған заманда білім ғана елді алға жетелейтін басты күш. Білімге ұмтылған әрбір жас – ұлт болашағының тірегі.

Сообщение Меруерт – мектеп мақтанышы появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus