Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Австриядағы қанды оқиға: мектеп оқушысы атыс шығарған

Австрияның Грац қаласындағы мектептердің бірінде атыс болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Krone басылымына сілтеме жасап.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, сегіз адамның қаза тапқаны расталды, жараланғандар бар. Олардың көпшілігінің жағдайы ауыр.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, оқ атқан адам – сол мектептің оқушысы. Алдын ала мәлімет бойынша, ол екі сыныпқа кіріп, оқ жаудырған. Куәгерлердің айтуынша, шамамен 20 рет оқ атылған. Шабуылдан кейін күдіктінің мәйіті мектептің әжетханасынан табылды – ол өзіне-өзі қол жұмсаған болуы мүмкін.
Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім өзін қысымның құрбаны санаған.

Оқиға орнында полиция мен Cobra арнайы жасағы жұмыс істеп жатыр. Мектеп толықтай қоршауға алынып, ғимаратқа тінту жүргізіліп жатыр.

Австриядағы барлық ішкі саяси іс-шаралар тоқтатылды. Елдің ішкі істер министрі Герхард Карнер оқиға орнына шұғыл жеткен. Билік тұрғындарды арнайы операция жүріп жатқан аумаққа жақындамауға шақырды.

Мұғалімдердің бірінің күйеуінің айтуынша, әйелі бірнеше атыс дауысын естігеннен кейін оқушылармен бірге сыныпқа бекініп алған.

Сондай-ақ, қашып құтылған оқушылардың ата-аналары балаларымен қауыша бастады.

Жараланған оқушыларға медициналық көмек көрсетіліп жатқаны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus