Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Шымкенте психдиспансердегі зорлау оқиғасы: сот үкім шығарды

Шымкент қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты науқастарды зорлады деп айыпталған психиатриялық аурухана қызметкерлеріне үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айыпталушылар орындығында Шымкентте орналасқан психоневрологиялық диспансердің екі санитар қызметкері отырды.
Сот екі айыпталушыны зорлау дерегі бойынша кінәлі деп танып, әрқайсын 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сонымен қатар, олар өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Сот жазаны тағайындау кезінде олардың кәмелетке толмаған балаларының барын жеңілдететін жағдай ретінде ескерді.

"Санитар-контролер қызметін атқарған сотталушылар Түркістан облыстық Психикалық денсаулық орталығының әйелдер бөліміне жұмыс істей жүріп, жәбірленушілердің белсенді қарсылық көрсете алмайтын дәрменсіз күйін пайдаланып, Б. және К. есімді пациенттерге бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасаған. Олардың бірі – К. кәмелетке толмаған", – делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жәбірленушілердің әрқайсының пайдасына 10 миллион теңгеден моральдық өтемақы өндірілді. Сонымен қатар, Б. есімді жәбірленушінің адвокаттық қызметтерге кеткен шығындары ретінде 600 мың теңге де өтелетін болды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, 2024 жылғы қарашада Қазақстанның оңтүстігіндегі Психикалық денсаулық орталығында болған науқастар зорлық-зомбылық туралы хабарлаған.
17 жастағы науқастың анасы қызының жүкті екенін екі айдан кейін білген. Әйелдің айтуынша, оның баласы медицина қызметкерлерінің зорлық-зомбылығына ұшыраған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus