Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақ-қырғыз депутаттары президенттер тапсырмаларының орындалуын талқылады

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов пен Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасы Нурланбек Тургунбек уулу Астанада Қазақстан-Қырғызстан парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысын өткізді.

"Мемлекет басшыларымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Садыр Нургожоевич Жапаровтың салиқалы саясатының, өзара түсіністік пен достығының арқасында бүгінде екі ел арасындағы ынтымақтастық өте қарқынды дамып келеді. Біздің көшбасшыларымыздың екіжақты кездесулерінің қарқындылығы парламентаралық байланыстардың жиілігіне де тікелей әсер етеді. Біздің ендігі мақсатымыз – осы екпінді сақтап, одан әрі нығайту", – деді Е.Қошанов.


Мәжіліс спикері Президенттеріміз ықпалдастықтың басым бағыттарын айқындап, оларды жүзеге асыру үшін нақты міндеттер жүктегенін баса айтты. Оның негізгілерінің бірі – 2030 жылға қарай екі ел арасындағы тауар айналымын 3 миллиард АҚШ долларына дейін жеткізу.

Нурланбек Тургунбек уулу 2024 жыл қырғыз-қазақ ынтымақтастығы тұрғысынан өте жемісті жыл болғанын атап өтті. Мемлекет басшылары, парламенттер мен үкіметтер деңгейінде сапарлар мен келіссөздер өтті.

"Бүгінгі Парламентаралық кеңестің отырысы жай ғана жоспарлы кездесу емес. Бұл – екі жақын мемлекеттің арасындағы ашық әрі сындарлы диалогтың жалғасы. Осы тұрғыда парламенттік диалогтың орны ерекше. Парламенттер халықтың мүддесін қорғайды. Демек, парламентаралық ынтымақтастық арқылы біз өзара түсіністікті қолдап қана қоймай, оны тереңдете аламыз", – деді Жогорку Кенеш төрағасы.


Кеңес отырысы барысында депутаттар сауда-экономика және логистика салаларындағы әріптестікті нығайту мәселелерін ортаға салды. Атап айтқанда, Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы Индустриялық сауда-логистикалық кешен құрылысын одан әрі жүзеге асыру, шекаралық бақылау-өткізу пункттерінің инфрақұрылымын жақсарту жұмыстарын жандандыру, сондай-ақ Алматы-Ыстықкөл автожолын салу жобасы бар.
Отырыста инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері, туризм, экология және климаттың өзгеруі салаларындағы жобалар да қарастырылды.
Сапар барысында Жогорку Кенеш төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешенінің құрамына кіретін Jibek Joly республикалық телеарнасында барды. Онда алты тілде ақпарат таратып, 120 елді қамтитын "Silk Way Central Asia" халықаралық медиа жобасымен танысты.
Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суреттер: Ж. Жұмабеков, Т.Таныбаев.
Сапар аясында парламенттер делегациялары Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрына барады. Қонақтардың назарына Шыңғыс Айтматовтың әйгілі шығармасы бойынша Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов қойған "Қызыл орамалды шынарым" драмасы ұсынылады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus