Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астанада бұрынғы дипломат Сәкен Мамаштың соты басталды

Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында бұрынғы дипломат Сәкен Мамаштың ісі бойынша сот отырысы басталды. Ол жұбайын соққыға жықты деген айыппен сотқа тартылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2023 жылғы мамырда "НеМолчи.kz" қоры өз парақшасында БАӘ-дегі елшілік кеңесшісі Сәкен Мамаштың жұбайын жүйелі түрде ұрып-соғатыны туралы ақпарат жариялаған болатын. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға жауап беріп, дипломатты елге шұғыл қайтару туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Кейінірек, зорлық-зомбылық туралы мәлімдеген елшілік қызметкерінің жұбайы да БАӘ-ден елге қайтарылғаны белгілі болды. Алайда, әуежайда оны күйеуінің туыстары қарсы алған.

Астана полициясы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және қажетті сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.

2024 жылдың 28 маусымында Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Сәкен Мамашқа қатысты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша әкімшілік іс қарады. Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Биыл сәуірде экс-дипломат Сәкен Мамаш қылмыстық іс аясында қамауға алынғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus