Қазақ тілін жастар арасында популизациялау үшін не істеуіміз керек?
Қазақ тілі — мемлекеттік мәртебесі бар, тарихы терең, көркемдік қоры бай тіл. Дегенмен бүгінде қазақ тілінің қоғамдағы, әсіресе жастар арасындағы қолданыс аясы кең деп нақты айта алмаймыз. Бұл мәселенің тарихи, әлеуметтік және мәдени себептері бар.
Кеңестік кезеңде қазақ тілі түрлі шектеулер мен қысымдарға ұшырады. Мысалы, 1950 жылдары қазақ әдебиетіне қатысты тыйымдар енгізіліп, қазақ тілді мектептердің саны едәуір қысқарды. Керісінше, орыс тіліндегі оқу орындарының саны артты. Сол кезеңнің басқарушы элитасының басым бөлігі орыс тілді азаматтар болды, бұл да тіл саясатына тікелей ықпал етті.
Қоғамдағы тілдік ортаның да рөлі зор. Қазақ отбасында дүниеге келгенімен, күнделікті өмірде орыс тіліндегі орта басым...