Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жамбыл облысында «Тәртіп алды – еңбек, бала тәрбиесі – міндет» атты форум өтті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров «Тәртіп алды – еңбек, бала тәрбиесі – міндет» атты форумға қатысты. Басқосуға мектеп пен колледж директорлары, бизнес өкілдері және сала мамандары, барлығы 300-ге жуық адам жиналды.
Қатысушылар алдымен өңірдегі жоғары оқу орындары мен колледждердің білікті кадр даярлаудағы мүмкіндіктерін көрсететін көрмені тамашалады.
Форумда жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, олардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауға көмектесу және жұмысқа орналасуына қолдау көрсету мәселелері талқыланды.
Облыс әкімі кіріспе сөзінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өңір экономикасына серпін беретін шаралар қабылдануы қажеттігін атап өтті.
– Жұмысшы мамандықтар жылы – бұл тек еңбек адамына құрмет көрсету ғана емес. Біз өндіріс, өнеркәсіп, инфрақұрылым мен қызмет көрсету салаларындағы маман тапшылығын шешуге, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға нақты қадамдар жасауға тиіспіз, – деді өңір басшысы.
Ербол Қарашөкеев облыста 62 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отырғанын және бұл жобалар 2029 жылға дейін шамамен 6 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретінін айтты.
– Жаңа өндіріс ошақтарын сапалы кадрлармен қамтамасыз ету – маңызды міндеттердің бірі. Осыған байланысты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен инвесторлар арасындағы өзара ынтымақтастықты күшейту қажет. Біз колледж түлектерін инвестициялық жобалар аясында құрылатын жаңа жұмыс орындарына орналастыруға ерекше көңіл бөлудеміз. Осы орайда бизнес өкілдеріне айтарым: өңірдегі колледждер мен жас мамандар – сіздердің сенімді серіктестеріңіз болуы мүмкін, – деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы бизнес өкілдеріне техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы оқу орталықтарының жұмысын өндірістік қажеттіліктерге сай оңтайландырып, инвестициялық жобаларға қажетті мамандарды қайта даярлау мен тағлымдамадан өткізу бойынша бірлескен шешім қабылдауды ұсынды.
Басқосуда облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев, «НДФЗ» ЖШС бас директоры Адиль Алиев, Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің проректоры Гүлшат Құлабекова, «Казфосфат» ЖШС-ның басқарма басшысы Батырбек Құлекеев тақырып аясында мазмұнды баяндамалар жасады.
– Бүгінгі форум жастардың жұмыспен қамтылуына ықпал етіп, кәсіпорындар мен білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайтатын көпірге айналды, – деді Нұрғалым Әбдіров.
Қордай ауданы №7 Бетқайнар колледжінің директоры Гүлнар Әлімбекова, Тараз қаласы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің директоры Саясат Есеев және Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің директоры Асхат Қартақов құқықбұзушылықтың алдын алу, студенттердің өнімдерін сату және жұмысқа орналасуы туралы нақты бастамалары мен ұсыныстарын ортаға салды.
Б. Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының мұғалімі Тоғжан Лаубай буллингтің алдын алуға бағытталған, 4 бағытта жұмыс істейтін «Қалқан» стартап жобасын таныстырды.
Форум қорытындысы бойынша бизнес және оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы 15 меморандумға қол қойылды.

Сообщение Жамбыл облысында «Тәртіп алды – еңбек, бала тәрбиесі – міндет» атты форум өтті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus