Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Құрбан айт: Қазақстанда қой бағасы қанша

Қысқа қарағанда қазір еліміздің кейбір өңірінде төрт түлік бағасы 20-50% көтерілді. Дегенмен кей облыста баға өзгеріссіз қалды.

Құрбандыққа шалатын қой бағасы Ақтауда жоғары болып шықты. Мұнда Құрбан айт мерекесіне дейін қой 70 000 теңгеге сатылса, қазір баға орта есеппен 120 000 теңге болып тұр. Ең арзанына да, қымбатына да орта есеппен 20 000 теңге қосылып, қазір құрбан малын 90 000-140 000 теңгеге сатып алуға болады. Алматыда да тоқты мен қой бағасы шамалас. Мұнда баға 75 000 теңгеден басталып, 150 000 теңгеге дейін жетті. Мереке жақындаған сайын базарда тоқтылар азайып жатыр. Айтып өтейік, еліміздің оңтүстік астанасында қой бағасы қыста да жоғары болған. Тек тоқтыны 35 000 теңгеге сатып алуға мүмкіндік болды.

Ал Ақтөбе мен Астанада тоқты, қой бағасы 70 000 теңгеден басталып, 120 000 теңгеге жетіп тұр. Қой бағасы кей жерде сәл арзан. Дегенмен бұл өңірлерде де Шопан ата төлі қыста қазіргі бағадан төмен болды. Ақтөбеде баға сәл өзгергенімен, Астанада жарты жылда қой құны кей жерде екі есе көтерілді.

Еліміздің оңтүстігіндегі Түркістан, Тараз бен Шымкентте құрбандыққа шалуға болатын тоқты мен қой бағасы 60 000 теңгеден басталып, 120 000 теңгеге жетті. Тек Түркістан мен Шымкентте құны арзан құрбандық малын табу қиындай түскен. Ал Таразда семіз қой сатып алғыңыз келсе, баға сәл жоғары болып тұр.

Атырау, Өскемен, Семей мен Талдықорғанда құрбандыққа шалынатын қой бағасы 65 000 — 90 000 теңге. Бұл қалаларда баға бұған дейін де осы шамада болды. Сұранысқа қарай қазір бағаның шамамен 20 000 теңгеге көтерілгенін көруге болады.

Қонаев, Қызылорда, Көкшетау мен Петропавлда қой бағасы — 55 000-85 000 теңге. Бұл қалаларда да сұраныс артқанымен, баға қыстағыдай күйде сақталып қалды.
Қарағанды мен Жезқазғанда құрбандыққа шалатын қой бағасы шамамен 45 000-80 000 теңге.

Павлодар мен Оралда қой бағасы — 60 00 теңге. Мұнда да баға өзгермеді.

Құрбан айт мерекесі қарсаңында қой бағасын салыстырып, ең арзаны Қостанай қаласында екені анықталды. Мұнда баға — 40 000 — 60 000 теңге.

 

Сообщение Құрбан айт: Қазақстанда қой бағасы қанша появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus