Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Вьетнам «бір отбасы — екі бала» саясатын тоқтатады

Вьетнам үкіметі «бір отбасы — екі бала» саясатын тоқтатып, халық санының азаюына қарсы жаңа шаралар қабылдайды. Енді әр отбасы бала санын өз қалауы бойынша шешеді.

«Бір отбасы — екі бала» саясаты 1988 жылы ел экономикасын жоспарлы жүйеден нарықтық экономикаға көшіру кезінде халық санының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Алайда соңғы жылдары халық санының азаюы мен қарт адамдардың көбеюі экономикалық және әлеуметтік қауіптер туындатып, бұл саясатты қайта қарауға мәжбүр етіп отыр.

Вьетнам денсаулық сақтау министрі Дао Хонг Ланның айтуынша, халық санының қысқаруы елдің ұзақ мерзімді тұрақты дамуына, ұлттық қауіпсіздігі мен қорғанысына айтарлықтай қауіп төндіреді. Министр бұл мәселені стратегиялық деңгейде шешу қажет екенін айтып, демографиялық саясат енді бала санын шектеумен ғана емес, халықтың сапасы мен тепе-тең дамуына бағытталуы тиістігіне тоқталады.

— 1999 — 2022 жылдары Вьетнамда әрбір әйелге орта есеппен 2,1 баладан келетін. Бұл — халық саны тұрақты сақталуы үшін қажетті деңгей. Алайда соңғы жылдары бұл көрсеткіш күрт төмендеп, 2024 жылы ел тарихындағы ең төмен деңгей 1,91 балаға дейін азайды, -дейді Дао Хонг Лан.

Хошимин мен Ханой сынды ірі мегаполистерде бала туу көрсеткіші одан да төмен — 1,39. Мұндай құлдырауға өмір сүру құнының жоғары болуы әсер еткен. Жастар үйленуді де, балалы болуды да кейінге қалдырады.

Оған қоса, елде ерлер көбейіп барады. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 100 қыз балаға 111 ұлдан келеді. Бұл жынысты таңдау тәжірибесінің жалғасып жатқанын аңғартады. Вьетнамда заң жүзінде баланың жынысын атауға тыйым салынғанымен, кей дәрігерлер оны жасырын түрде жеткізіп отырады.

— 2039 жылға қарай 15 пен 49 жас аралығындағы ер адамдар саны 1,5 миллионға артуы мүмкін, -деп мәлімдеген елдің статистика басқармасы.

Хошимин билігі халық санының төмендеуіне қарсы күрес аясында 35 жасқа дейінгі әйелдерге екі бала туғаны үшін біржолғы қаржылай көмек беруді қолға алды. Дегенмен, сарапшылар мұндай шаралардың жеткіліксіз екенін айтады.

— Нағыз өзгеріс үшін декреттік демалысты ұзарту, әке демалысын енгізу және отбасы институтына кешенді қолдау қажет, — дейді дәрігер Тран Нгок Хай.

Оның пікірінше, туу көрсеткішін арттыру үшін тұрғын үй бағасын төмендету, білім мен медицина сапасын көтеру, салықтық жеңілдіктер ұсыну маңызды.

Вьетнам үкіметі қазіргі демографиялық ахуалды ескере отырып, нақты деректерге негізделген жаңа халық саны туралы заң жобасын әзірлемек.

 

Сообщение Вьетнам «бір отбасы — екі бала» саясатын тоқтатады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus