Шерзат ісі бойынша сот үкімі қашан шығатыны белгілі болды
Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгінгі сот отырысында үкім 5 маусымда сағат 16.00-де шығатыны айтылды.
Шерзат ісі бойынша сот отырысы2025 жылы 10 cәуірде Талдықорғанда Шерзат Болаттың ісі бойынша сот процесі басталды. Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы тікелей эфирден көрсетілді. Сотта барлық тарап сөз сөйлеп, айыпталушылар соңғы сөздерін айтты.
Бұған дейінгі сот отырыстарында жәбірленуші тарап өкілдері, яғни марқұмның әжесі, ата-анасы, одан бөлек куәгерлер сөйлеген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!