Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда жаңа төлем әдісі енгізіледі

Қазақстан Ұлттық банкі криптокарталар жобасын және цифрлық активтер саласындағы пилоттық жобаларды іске қосуды бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Осылайша, Ұлттық банк криптокарта жобасын – "Астана" халықаралық қаржы орталығының лицензияланған криптовалюта биржаларында әмиянында сақталған криптовалютамен төлеуге болатын төлем карталарын іске асыруды бастады.

"Бұл шешім цифрлық активтердің айналымын қолданыстағы төлем инфрақұрылымына қауіпсіз әрі ыңғайлы енгізуге мүмкіндік береді", – делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Жоба Ұлттық банк, банктер, криптобиржалар және финтех-компаниялар өкілдерінің кездесуінде таныстырылды.

"Кездесу барысында цифрлық активтерді елдің қаржы жүйесіне интеграциялау және тиісті реттеуді одан әрі дамыту мәселелері қаралды", – делінген ақпаратта.

Криптокарта механизмі
Криптокартаның жұмыс механизмі – төлем жасау сәтінде АХҚО криптобиржаларында криптоактивтер автоматты түрде сатылады және сол сома банк картасына ақша түрінде түседі.

"Есеп айырысу жеделдігі банк пен АХҚО криптопровайдері арасындағы криптофиат интеграция арқылы қамтамасыз етіледі", – делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Цифрлық активтер саласындағы пилоттық жобалар
Биыл Ұлттық банктің үйлестіруімен нарық қатысушылары цифрлық активтер саласында бірнеше пилоттық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр, оның ішінде:

ұлттық валюта (оның ішінде цифрлық теңге) қамтамасыз еткен стейблкоиндарды шығару және олармен есеп айырысу;
қаржы активтерін, жылжымайтын мүлікті токенизациялау және бағалы қағаздарға теңестірілген токендерді шығару;
цифрлық қаржы активтері бойынша базалық қамтамасыз етуді есепке алу және сақтау жүйелерін ұйымдастыру;
криптоактивтермен айырбас операциялары мен сақтау бойынша сервистерді ұйымдастыру;
басқа да инновациялық қаржылық сервистер.


"Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Ұлттық банк қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымын кеңейту және цифрлық қаржы (қамтамасыз етілген) активтері үшін реттеуші база құру бойынша заңнамалық түзетулер жобасын әзірледі", – делінген Ұлттық банк таратқан ақпаратта.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus