Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

«Бақытты бала – бақытты ел»: Жамбыл облысында 4 мыңға жуық бүлдіршінге мерекелік көңіл күй сыйланды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен «Зербұлақ» демалыс кешенінде кең ауқымды мерекелік іс-шара өтті.

Өңір басшысы барша жамбылдық бүлдіршіндерді айтулы мерекемен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

– Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Дүниеде баладан асыл, сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев балаларға жағдай жасау, олардың алаңсыз, сапалы білім алуын тұрақты бақылауда ұстап келеді.

Өңірде балалардың жан-жақты дамуына, әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты жұмыстар жүргізілуде. Жаңа мектептер мен балабақшалар ашылып, білім ошақтары заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде.

Барша бүлдіршінге шуақты жаз айымен қатар келген мерекеде шаттыққа толы балалық шақ пен бақытты ғұмыр тілеймін! – деді Ербол Қарашөкеев.

Шара барысында балалардың көңілін көтеріп, өнері мен дарынын дамытуға бағытталған түрлі ойын-сауық бағдарламалары мен шығармашылық көріністер ұйымдастырылды. Кішкентай қатысушыларға шаттық пен көтеріңкі көңіл күй сыйлаған бұл күн жарқын әсерлерге толы болды.

«Бақытты бала – бақытты ел» тақырыбында өткен мерекелік іс-шара тек облыс орталығында ғана емес, аудандарда да жергілікті биліктің қатысуымен жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шара аясында мерекелік концерттер, спорттық жарыстар, шығармашылық байқаулар мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, оларға 4 мыңға жуық бала белсене қатысты.

Сообщение «Бақытты бала – бақытты ел»: Жамбыл облысында 4 мыңға жуық бүлдіршінге мерекелік көңіл күй сыйланды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus