Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Өнер мектебінің өнерлі өрендері

Талас ауданындағы «Балалар өнер мектебі» 2024-2025 оқу жылын аяқтау қорытындысын салтанатпен атап өтті. Жиынға аудандық білім бөлімінің әдіскері Сәуле Сағымбекова мен қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп ата-ана­лары қатысты.
Балалар өнер мектебін Ақкөл, Майтөбе ауылда­рындағы филиалдарын қосқанда 52 оқушы бітірді. Домбыра сыныбы бойынша 16 оқушы, қобыз сыныбы бойыншы 1 оқушы, баян сыныбы бойынша 1 оқушы, дәстүрлі ән-терме сыныбы бойынша 1 оқушы, фортепиано сыныбы бойынша 4 оқушы, хореография бөлімі бойын­ша 10 оқушы, бейнелеу өнері бөлімі бойын­ша 19 оқушы.
Сәуле Сағымбекова мен Балалар өнер мектебінің директоры Гүлмира Күсепбаева салтанатты жиынға қатысушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, мектептің саз бөлімін, хореография бөлімін, бейнелеу өнері бөлімінің толық дәрісін аяқтап, мемлекеттік емтиханды ойдағыдай тапсырып, оқу жылын сәтті аяқтаған түлектерге жылы лебіздерін білдіріп, куәліктер мен мадақтама қағаздарын тапсырды.
Салтанатты жиын бітіруші түлектердің концерттік бағдарламасымен жалғасты. Домбыра сыныбының бітіруші түлектерінен құралған үштік халық әні «Ләйлімді», Е.Үсеновтің «Қосбасар» шығармасын фортепианомен қосылып орындаса, Асылназ Серік Динаның күйі «Науысқыны» нақышына келтіріп орындады. Қобыз сыныбын бітіруші түлек Алтынай Әбілқасым халық әні «Дайдидауды» жетекшісімен фортепианомен қосылып, көпшілік назарына ұсынды. Домбыра сыныбының түлегі Бақдәулет Жақып Ақан Серінің әні «Балқадишаны» әуелете шырқаса, бағдарла­маны хореография бөлімінің бітірушілері мың бұралған билерімен жалғастырды. Бейнелеу өнері бөлімін бітірушілерінің дипломдық жұмыстарынан көрме қойылды.
Жиын соңында бітіруші түлектердің ата-аналары Айгүл Тұяқбаева мен Эльмира Сәбденбекова бітіруші түлектерге сәттілік тілеп, оқушыларға білім берген мектептің мұғалімдеріне алғыстарын айтып, алдағы уақытта жұмыстарына толағай табыстар тіледі.

Сообщение Өнер мектебінің өнерлі өрендері появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus