Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Түркістан өңіріндегі колледждерде 9 жаңа мамандық ашылды

Түркістан өңіріндегі колледжерде "Жұмысшы мамандықтар жылына" орай 9 жаңа мамандық ашылды. Олар: жүк көтергіш машиналар мен транспортерлер, пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу, жаңартылған энергетика, жемістер мен көкөністерді сақтау және қайта өңдеу, стамотология, фармация.
Бүгінге дейін заңдастыру және құжаттандыру жұмыстары жүргізіліп, лицензиялары алынды. Бұл туралы 2025-2026 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру мен бөлу жөніндегі комиссия отырысында мәлім болды. Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары әрі комиссия төрағасы Бейсенбай Тәжібаев жұмысшы топ мүшелерімен маңызды мәселелерді талқылады.


"Комиссия соңғы 3 жылда жүйелі жұмыс істеді. Арнайы талдау жасап, талапкерлердің мамандықтарға түсу және түспеуін зерделеді. Соның нәтижесінде бөлінген гранттар толық игеріліп келеді. Бұл істі жалғастыру керек. Мемлекеттік тапсырысты перспективасы жоқ салаларға қарастырудың жөні жоқ. Таптаурын, сұраныс жоқ мамандықтар болмайды. Қоғамның қажеттілігіне жарайтын мамандықтарға мемлекеттік тапсырысты бағыттауымыз керек. Біріншіден – адам тағдыры. Екіншіден – қажетсіз мамандықты аяқтаған азаматтар түбі жұмыссыздар армиясының қатарына қосылады. Үшіншіден – мемлекеттік қаржысын тиімсіз пайдалануға әкеп соғады. Сондықтан сіздерден жауапкершілік, жанашырлық пен әділдік талап етіледі. Мамандық игеру, тегін оқу, жатақханамен қамтылу, бәсекеге қабілетті кадр атану – болашақты қалыптастыру мүмкіндігі. Оны қалт жібермеу үшін қоғамды хабардар етуге тиіспіз. Игілікті бастамаға ауыл жастарын шақырып, насихатты күшейтіңіздер", - деді Бейсенбай Дәулетұлы.


Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова келіп түскен сұраныстар мен ұсыныстарға тоқталды. Айтуынша, облыс әкімдігінің салалық басқармалары, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, 17 аудан және қала әкімдігі, кәсіпорындардан 110 мамандық бойынша 23 мыңнан аса орынға сұраныс келген.
Суреттер: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Айта кетейік, биыл өңірдегі колледждерге 15 500 орынға грант қарастырылып отыр. Оның ішінде 9600-і жұмысшы мамандықтарына арналған. Облыс әкімінің тапсырмасымен ІТ мамандарына және инвестициялық жобалар негізінде кадрлар даярлауға көңіл бөлінуде.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus