Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматы әкімі Алатау ауданында әлеуметтік маңызы бар жобалардың іске асырылу барысымен танысты

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Алатау ауданында жұмыс сапарымен болды. Қала әкімі Қарасу шағын ауданындағы сквердің, Боралдай, Рахат-Мәдениет шағын аудандарындағы тарату желілерінің, Ақбұлақ шағын ауданындағы жайлы мектептің құрылысымен, сондай-ақ Момышұлы көшесіндегі жасыл аймақтың абаттандырылуымен танысты.
Алғашқы барған нысан Қарасу өзені жанындағы алаңы 12 мың шаршы метр болатын сквер болды. Жоба аясында көгалдандыру, амфитеатрды, арық өткелін, арт-нысандарды орнату, сондай-ақ автоматты суару және жарықтандыру жүйелері бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алатау ауданының әкімі Талғат Майлыбаев баяндағандай, абаттандыру жобасын іске асыру кезінде табиғи рельефті сақтауға және жағалау аймағының экологиялық жағдайын жақсартуға ерекше назар аударылды. Мұнда баспалдақтар,парапеттер, орындықтар мен урналар орнату жоспарлануда. Жұмыстардың аяқталуы ағымдағы жылдың шілдесіне жоспарланған.

Жұмыс сапары аясында Дархан Сатыбалды "Боралдай" және "Рахат-Мәдениет" шағын аудандарындағы су құбыры мен кәріздің тарату желілері құрылысының барысымен танысты. Осы жобалар бойынша жұмыстар бекітілген кестелерге сәйкес орындалуда.
Жоба бойынша "Боралдайда" 4 мыңға жуық тұрғынды қамтитын 76 шақырымнан астам инженерлік желілерді салу қарастырылған. Құрылыс - монтаж жұмыстарын аяқтау 2025 жылдың қараша айына жоспарланған. "Рахат-Мәдениетте" жобаны іске асыру нәтижесінде (жоспарланған күні - ағымдағы жылғы 10 желтоқсан) ауданның 14 мыңнан астам тұрғыны орталықтандырылған сумен және кәрізбен қамтамасыз етілетін болады. Мұнда тұрғындардың өтініші бойынша ойын алаңы пайда болады.

Қала әкімі жұмыс сапары барысында тағы бір жерде – Ақбұлақ шағын ауданындағы "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынып жатқан 1500 орындық жаңа мектеп құрылысында болды. Нысан бұзылған №154 мектептің орнына 2024 жылдың қыркүйегінен бастап салынуда. Бүгінде жұмыстың 90%-ы аяқталды. Мектептің ашылуы жаңа оқу жылының басталуына жоспарланған.

Нысанға барған кезде Дархан Сатыбалды орындалған жұмыстар сапасындағы кемшіліктерді көрсетіп, сыртқы абаттандыруды, сондай-ақ мектеп ішіндегі әрлеу жұмыстарын жақсартуды тапсырды.

Сондай-ақ, қала әкіміне Момышұлы көшесі бойындағы алаңы 4,5 мың шаршы метр болатын жасыл аймақты абаттандыру жобасы көрсетілді. Жобада көгалдандырылған, тротуар плиткалары, кіші сәулет пішіндері, арт- нысандар орнатылған әрі жарықтандырылған жайлы қоғамдық кеңістік жасау қарастырылған. Демалыс және сыныптан тыс жұмыстарға арналған аймақтарды ұйымдастыру жоспарлануда.
Суреттер: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жұмыстардың аяқталуы осы жылдың маусым айына жоспарланған. Әкімнің тапсырмасы бойынша барлық жұмыстар бірыңғай дизайн-кодқа сәйкес болуы тиіс.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Дархан Сатыбалды барлық басталған жобалар аяқталатынын атап өтті және олардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Қала әкімі жаңа және қарқынды дамып келе жатқан шағын аудандарда жайлы қоғамдық кеңістіктерді құру, оларды абаттандыру, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және заманауи мектептер салу Алматы әкімдігі жұмысының басым бағыттары екенін атап өтті.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus