Қазақстанда жаңа мерекелер пайда болады
Қазақстанда алты жаңа кәсіби мереке пайда болады. Мұндай ұсынысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрлік жариялаған бұйрық жобасында Қазақстандағы кәсіби мерекелер тізіміне алтауы қосылатыны айтылған:
Қазақстан кәсіпкерлері күні;Қазақстан қолөнершілері күні;
Табиғи монополия саласы қызметкерлерінің күні;Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерінің күні;Кадр қызметінің қызметкері күні;Қоғамдық тамақтану саласы қызметкерінің күні.
Сонымен қатар, Энергетиктер күнін атап өту күні өзгереді: бұрынғыдай желтоқсанның үшінші жексенбісінде емес, нақты күн — 22 желтоқсанда аталып өтетін болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!