Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Бүйірден соққан қатты жел кезінде көлікті қалай басқару керек?

Бүйірден соғатын жел аяқ-асты пайда болады. Оны алдын ала білу мүмкін емес. Мысалы, көпірден, ғимараттан шыққан кезде немесе жүк көлігін басып озғанда. Бұл жағдайда жүргізушілер тізгінге ие бола алмай, жолдан шығып кетуі мүмкін. Бұл көп жағдайа тасжолдарда қауіпті саналады, - деп хабарлады Tengri Auto."ҚазАвтоЖол" мәліметінше, мұндай жағдай тіпті тәжірибелі жүргізушіге де тосын болуы мүмкін, ал жаңадан рөлге отырғандар үшін одан да қауіпті. Жел қозғалыс бағытын күрт өзгертуі ықтимал. Көбірек қауіп төнетіндері:

биік шанағы бар жеңіл көліктер;шатырында жүксалғышы бар машиналар;жүк көліктер;тиегіштер мен автокемперлер;мотоциклшілер.

Қай жерде жел жиі соғады?

ашық жазық жерлерде (дала, егістік алқаптар);көпірлер мен жол өткелдерінде;орманнан немесе туннельден шыққан кезде;фуралар мен автобустар сияқты ірі көліктердің жанында.

Жүргізуші не істеу керек?

Жылдамдықты азайтыңыз. Сақтықта қорлық жоқ. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік үшін жел қауіпті.
Рөлді берік ұстаңыз. Әсіресе түзу жолда. Жел кезінде екі қолмен мықтап ұстаңыз.
Басып озғанда абай болыңыз. Жүк көліктерін басып озғанда алдымен жел бәсеңдегендей болады, кейін кенеттен қатты соғады. Бұл сәтте көлік шайқалып кетуі мүмкін. Осындай жағдайға дайын болыңыз.Қашықтықты сақтаңыз. Жел алдыңыздағы көлікті, әсіресе мотоциклді немесе жүк көлікті шайқап жіберуі мүмкін. Арақашықтықты ұлғайтыңыз.
Кенеттен қимыл жасамаңыз. Бүйірден соғатын жел кезінде кенеттен рөлді бұрсаңыз, көлік сырғуы мүмкін. Асықпай, сенімділікпен қозғалыңыз.
Терезелерді жабыңыз. Ашық терезелер қозғалысқа кедергі келтіреді. Терезелер жабық болса, басқару жеңіл болады.


"Бүйірден соғатын жел жаңбыр (жолдың тайғақ болуы), қар (ілінісудің азаюы) жауғанда және нашар көру (шаң, тұман) кезінде қауіпті. Мұндай жағдайда сапарды кейінге қалдырған жөн немесе басқа балама жолды қарастыру керек".

Ауа райы тым қолайсыз болса не істеу керек?

Жолдың шетіне тоқтап, апаттық жарықты қосып, желдің басылғанын күтіңіз;Үрейге берілмей, өзіңізге сенімді болыңыз;
Ауа райын бақылап отырыңыз, әсіресе далалық немесе таулы жолдармен жүретін болсаңыз.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus