Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Түркістан: ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков индикаторлық жоспардың іске асу сатысы бойынша аудан, қала көрсеткіштерін саралап, Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына өңірлердің дайындығын пысықтады. Сонымен қатар жетекшілік ететін салалары бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын тексеріп, жауаптылармен бірге өзекті мәселелер мен шешу жолдарын талқылады.
Басқарма басшылары аудан, қалалардағы кенжелеп тұрған бағыттардың көрсеткішіне тоқталып, кемшіліктерді баяндады.
Су үнемдеу технологиясын ендіру бойынша жұмысты ширату Түлкібас, Бәйдібек, Келес аудандары мен Кентау қаласына ескертілді. Облыс әкімінің орынбасары бұл мәселенің өзектілігін өзге аймақтардың да назарына салды.

Инвестиция тарту, қарқынды бау, жылыжай шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы техникаларын алу жоспарларын орындауда аудандар арасында қажеттілігіне қарай тәжірибе алмасу ұсынылды.

"Жиналысты арнайы басқарма басшыларының және аудан әкімдері орынбасарларының қатысуымен өткізіп отырмыз. Кедергілер болса, бірге талқылап, шешу жолын қарастырайық. Жыл басында белгіленген межемен бәріңіз келістіңіздер, ендігі айтқан уәждеріңіз қабылданбайды. Мәселе бөлімдегі мамандарға жүктегенмен шешілмейді. Жауапкершілік өздеріңізден талап етіледі. Сондықтан, кабинеттен шығып, шаруашылықтарды аралаңыздар. Қалыптасқан жағдайды өздеріңіз сараптағанда ғана нақты шешім, ұтымды ұсыныс айта аласыздар", – деді Нұрбол Тұрашбеков.

Суреттер: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес, келесі кезекте Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық барысы баяндалып, нәтижесімен бірқатар тапсырмалар нақтыланды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus