Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Азаматтарға арналған үкімет“ қызметкері 13 млрд теңгенің жер телімін өз атына тіркеп алған

Алматыда "Азаматтарға арналған үкіметтің" бұрынғы қызметкеріне қатысты мемлекет меншігіндегі жер телімдерін алаяқтық жолмен иемдену дерегі бойынша айыптау үкімі шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аталған қылмыстық істі ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізді.
Анықталғандай, Алматы әкімдігінің қаулысымен уақытша пайдалану құқығы негізінде "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ-ға Жуков көшесі, 67-учаске (2,3 га) және Жамакаев көшесі, 77-учаске (6,3 га) мекенжайларында орналасқан жер телімдері 5 жыл мерзімге берілген.

"Бұрын "Азаматтарға арналған үкімет" коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері болып жұмыс істеген Әбдіжапаров жылжымайтын мүлікті тіркеу жүйесінің қалай жұмыс істейтінін біле отырып, уәкілетті органдарға жер телімдерін уақытша пайдаланудан бас тарту туралы жалған келісімдер мен жер телімдері жеке меншікке берілді деген жалған әкімдік қаулыларын тапсырған. Алайда іс жүзінде мұндай қаулылар әкімдік тарапынан шығарылмаған", - делінген хабарламада.

Осының нәтижесінде ол аталған жер телімдерін заңсыз түрде өзінің "Айша Групп" ЖШС-нің атына қайта тіркеген. Кейін бұл жер телімдерін үшінші тұлғаларға 1,3 миллиард теңгеге сатып жіберген.

"Соттың санкциясы бойынша, нарықтық құны 13,6 миллиард теңге болатын жер телімдеріне тыйым салынды. Сот үкімімен Әбдіжапаров ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылып, оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды".

Жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды, олардың аумағында инновациялық хаб салу жоспарланған.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus