Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматы облысында цехтағы жарылыс видеоға түсіп қалды: 1 адам қаза тауып, 4 адам жараланған

Жібек Жолы ауылындағы ұн өнімдерін шығаратын цех аумағында жарылыс болып, артынша өрт шықты. Бұл туралы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, төтенше жағдай 23 мамырда болған. Ал оқиға орынында түсірілген видео 26 мамырда әлеуметтік желілерге жарияланды.

"Өрт астық қалдықтарынан түзілген шаң-ауа қоспасының жарылуынан шыққан. Бұл қоспа тоғыз қабатты екінші элеватор ғимаратының бірінші қабатында болған. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-ның күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді. Құтқарушылар жеткен сәтте қатты түтіндеу тіркелді. Жедел штаб құрылып, төрт бөлімше жұмыс істеді", – деп хабарлады ТЖД.

Департамент мәліметінше, өрт толықтай сөндірілген. Өрттің жалпы аумағы – 1377 шаршы метр.
Қазір өрттің шығу себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД-ның Өрт сынақ зертханасы мен анықтау бөлімі қызметкерлері жұмылдырылған.

"Өрт сөндіру кезінде құтқарушылар бір ересек адамды баспалдақ арқылы алып шықты. Сонымен қатар төрт адам түрлі күйік жарақатымен Қарасай аудандық көпсалалы орталық ауруханасының жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды", – делінген ресми хабарламада.

Зардап шеккендерге Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Апаттар медицинасы орталығы филиалы мен Жібек Жолы ауылындағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығының мамандары жұмылдырылған.

"ТЖД психологы да зардап шеккендерге қолдау көрсетуді жалғастырып жатыр", – деп қосты ведомство.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта науқастардың жағдайы өте ауыр, денелерінің 80-90 пайызы күйіп қалған.

"24 мамырда цехтан құтқарылған жұмысшылардың бірі ауруханада көз жұмды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы негізгі ауру аясында аса ауыр. Барлық қажетті ем-шаралар толық көлемде жүргізіліп жатыр. Облыстық комбустиолог пен реаниматолог кеңесі алынған, емдеу хаттамаларға сәйкес үйлестіріліп жатыр. Науқастарға күнделікті консультациялар жүргізіледі. Денсаулық сақтау басқармасы науқастардың жағдайын жеке бақылауына алып, қажетті ем-домның толық әрі уақытылы жүргізілуін қамтамасыз етіп жатыр", – деп мәлімдеді басқарма.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus