Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

БАТАГӨЙ ҚАРИЯЛАР БАЙҚАУЫ: Диқандық батагөй Ерназар қария облыстық байқауға жолдаманы иеленді

Салт-дәстүрлердің ішіндегі ең асылы, көңілдің сәнін келтіріп, өмірдің мәнін ұғындыратын рухани құндылығымыз ол – бата. Бата – жақсылық пен игі ықыластың, ақ тілектің айғағы.
Бүгін әл-Фараби атындағы аудандық мәдениет үйінде Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасымен, аудандық ардагерлер кеңесінің ықпалымен ұйымдастырылған «Батамен ел көгерер» атты батагөй қариялар байқауының аудандық кезеңі болып өтті.
Халқымыздың дәстүрін жалғастыру, асыл қазына ағаларымыздың бойындағы қасиеттерін дәріптеу арқылы қоғамға рухани байлық сыйлау мақсатын көздеген шараға ауданымыздың әр елдімекенінен жасы 63-тен асқан қариялары қатысты. Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов пен аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердібек Омаров аталған байқаудың маңыздылығына тоқталды. Ақсақалға тән ақыл – парасат, келісті мақал, бапты бата секілді үлкендік үлгісіндегі қадірі биік қасиеттерді дәріптеуді көздеген байқауда 16 қатысушы сайысқа түсті. Бірінші кезеңде қатысушылар өздерін таныстырса, екінші және үшінші кезеңдерде салт-дәстүрге байланысты сұрақтар қойылып, жасырылған мақал-мәтелдердің жалғасын табу, төртінші кезеңде бата беру дәстүрі бойынша бақ сынасты.
Байқау қорытындысына сәйкес, жүлделі үшінші орынды Түймекент ауылдық округінен Ертай Тазабеков, екінші орынды Мырзатай ауылдық округінен Әуезхан Байгелов иеленді. Ал, бас жүлдені алған Диқан ауылдық округінен Ерназар Монтыбаев облыстық байқауға берілетін жолдамаға ие болды. Қатысушыларға Диплом, Алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табысталды.
Халықтың ризашылығына ие болған мұндай іс-шара салт-дәстүрімізді дәріптеуде, жастардың рухани байлығын арттыруда маңызды орын алары сөзсіз.

Сообщение БАТАГӨЙ ҚАРИЯЛАР БАЙҚАУЫ: Диқандық батагөй Ерназар қария облыстық байқауға жолдаманы иеленді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus