Мамандықты дұрыс таңда жас түлек
Мамандықты дұрыс таңда,жас түлек
Мамандық — бұл адамның қалыпты өмірін жүзеге асырудың негізгі буыны.Мамандық таңдау кезінде сіз өзіңіздің қабілеттеріңізді, дағдыларыңызды, қызығушылықтарыңыз бен хоббилеріңізді ескеруіңіз керек. Қазір адамдардың көпшілігі ақша қуып жүр, оларға қалай ақша табу маңызды емес. Алайда, менің ойымша, әркім өзінің сүйікті ісімен айналысқысы келеді және сол істін артынан ерсе үлкен жетістікке жетері сөзсіз.
Қазіргі таңда мамандық таңдау қиынға соғып бара жатқандай. Көбісі өзі қаламаған салада грант үшін ғана оқитындар жетерлік. Ал кейбір жас түлек, біреудің кеңесімен түсіп, қаржылай оқитындар да бар. Барлығы демесек те жоғарғы оқу орнында оқитын түлектердің жартысы қаржылай оқиды. Оның ішінде амалсыздан немесе балл жетіспегендіктен өзі қаламаған...