Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

«Ардагер ұстаздар» аллеясы ашылды

Ұстаз — ұлағатты ұғым. Бүкіл ғұмырын білім беру саласына арнап, әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшыратын ұстаз бейнесі көңіл төрінен орын алары анық.
Кеңес ауылындағы №3 орта мектебінде 2005 жылғы түлектердің бастамасымен «Ардагер ұстаздар» аллеясы ашылды. Ондағы орындықтар, кітап, қаламсап секілді мектеп құралдарының кескінімен жасалып, айналасы қылқан жапырақты ағаштармен көмкерілген. Арка жасалып, орындықтар қойылып, жарық шамдары орнатылған. Ағымдағы жылдың наурыз айынан құрылысы басталған аллея бүгінде пайдалануға беріліп отыр. Бұл игі іс ауылдан шыққан, танымал ұлағатты ұстаздарды ұлықтау, оларды насихаттау, мұғалімдердің мәртебесін көтеру және жас ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету мақсатында қолға алынған. Аллеяны жасақтауға мектеп түлектерімен қатар ұстаздардың ұрпақтары және ауылдан шыққан бірқатар азаматтар да өз үлесін қосқанын айта кетейік.
Салтанатты шарада ардагер ұстаз Төрегелді Егізбаев пен аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Мұрат Өскенбаев ашылу лентасын қиған соң, қонақтар аллеямен таныс болды. Онда ардагер ұстаздар, білім ордасының түлектері ретімен сөз алып, игі бастама ұстаздарға көрсетілген сый-құрмет пен жас ұрпақтың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни, адамгершілік қасиеттерін сіңіруге септігін тигізетінін атап өтті.
Бұдан әрі мектептің акт залында ұлағатты ұстаз Маратжан Юнусовтың зейнетке шығуына орай ақындар айтысы ұйымдастырылып, шағын концерттік бағдарламаны тамашалады. Талай шәкірттердің жүрегінен орын алып, тәлімді тәрбие берген ардақты ұстазға арнап айтыскер ақындар Кеңесбек Шалқар, Бейсен Ернұр, Дөңбай Рай, Әбдіманатов Дархан өнер көрсетті. Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Мұрат Өскенбаев, ауыл әкімі Самат Күсемісов, туған-туыс ағайындары, сонымен қатар әріптес ұстаздары және түлектері жиналып, жүрек жарды ақ тілектерін ақтарды.
Шара барысында ұстаздың еңбек жолын бастағаннан зейнет жасына дейінгі барлық жетістіктері айтылды. Сонымен қатар, Маратжан Юнусов білім саласын өркендету жолындағы қосқан үлесі мен шәкірт тәрбиелеудегі ерен еңбегі үшін «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталып, құрмет көрсетілді. Ұстаз мерейі беделімен өлшенеді. Ал, беделдің өлшемі қашан да биік екені рас.

Сообщение «Ардагер ұстаздар» аллеясы ашылды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus