Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Чемпиондар шығатын мекен

Қордай ауданындағы  шалғай ауылдардың бірі – Қарасай батыр ауылында Молдасейіт атындағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт клубы ашылғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Көпфункционалды спорт нысаны барлық талаптарға сай. Құрылыс құны шамамен жеті жүз миллион теңгені құрады. «AlyStpoyProekt» мердігер компаниясы барлық жұмыстарды мерзімінде аяқтаған.
Кең әрі жарық залдарда жергілікті балалар футбол, волейбол, бокс, еркін күрес және үстел теннисімен айналысады, тренажер залы да бар. Айтпақшы, әр секцияда 20-25 баладан жаттығады. Спортқұмар балақайлардың қатары күн сайын артып келеді. Оларды тәжірибелі жаттықтырушылар үйретеді. Спорт клубындағылар түсіндіргендей, жас спортшылардың көпшілігі кешкі уақытта, сабақтан кейін жиналады. Балалар әсіресе бокс, күрес және волейболға қызығушылық танытады екен. Мұнда тек қарасайлық ұл-қыздар ғана емес, Еңбек ауылынан да оқушылар келеді. Спортпен шұғылданып, бос уақытын пайдалы өткізгісі келетіндердің арасында ересек тұрғындар да бар. Ең бастысы, спорт нысаны толыққанды жұмыс істеп тұр. Ал ұжым барлық жағдайды жасауға тырысады: клубтың абаттандырылған аумағы алыстан көз тартады. Бұл техникалық қызметкерлердің еңбегі.
— Бұл нысанның ашылуы бұқаралық спортты дамытуға, ауыл жастарының арасында салауатты өмір салтын насихаттауға септігін тигізді. Чемпиондарымыз аз емес, жаңа клубтың арқасында бұдан да көп болады деген үміт бар, — дейді жергілікті тұрғындар.

Сообщение Чемпиондар шығатын мекен появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus