Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Ерболат Досаев туралы не белгілі?
Ерболат Досаев 1970 жылғы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Алматы қаласындағы О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірді. Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін бітірді.
Қызмет жолы:1997 ж. – "Тұран Әлем Банкі" ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары, "АТФ Банк" ЖАҚ Басқарма Төрағасы;1998 ж. – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі;1998 ж. – Қазақстан Республикасының энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;2000 ж. – Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі;2001 ж. – Қазақстанның Даму банкі Директорлар кеңесінің төрағасы;2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы;2003-2004 жж. – Қазақстан Республикасының қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Басқарма мүшесі;2004-2006 жж. – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі;2006-2012 жж. "Қазинвестбанк" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;2012 жылғы 25 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі.2013 жылғы 16 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.2014 жылғы 6 тамызда ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.2016 жылғы мамырдан бастап 2017 жылғы тамыз аралығында – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.2017 жылғы тамыздан бастап 2019 жылғы ақпан аралығында Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді.2019 жылғы 25 ақпанынан бастап 2022 жылғы қаңтар аралығында – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы.2022 жылғы 31 қаңтардан бастап Президент жарлығымен Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды."Құрмет", "Парасат" ордендерімен, "Қазақстан Конституциясына 20 жыл" мерекелік медалімен марапатталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus