Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Шерзат ісі: сотта күмәнді диалог есітіліп қаған видео туралы айтылды

Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысының тікелей эфирінде күмән тудырған диалог естіліп қалды. Сот бұл жағдайға жауап беріп, жеке қаулы шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Отырыс барысында басты айыпталушы – Абзал Шынасыл куәлік берді. Тыңдалым аяқталған соң қатысушылар залдан шыға бастағанда, эфирде мынадай әңгіме естілді:
– Көзіме жас келе жаздады, дұрыс сөйледім бе?– Саған көп сұрақ қоймайды, уайымдама, сөйлесіп қойғанмын.
Диалог кімнің аузынан шыққаны белгісіз. Судья видеожазбамен танысып, жағдайды былайша түсіндірді:

"Кеше әлеуметтік желілерде процестің белгісіз қатысушыларының арасында болған делінетін екіұшты мазмұндағы әңгіменің видеосы тарады. Осыған байланысты сот жеке қаулы шығаруды қажет деп санады. Прокурорға жазбаның шынайылығын, әңгімелесушілердің жеке тұлғасын, әңгіме мазмұнын анықтап, тиісті шара қабылдау тапсырылды. Айта кетейін: Конституцияға сәйкес, іске қатысты шешімді тек сот қабылдайды. Кез келген жорамал мен алып-қашпа сөзге жол берілмейді", – деді судья.

Жеке қаулы деген не?
Жеке қаулы – бұл судьяның нақты іс бойынша шешімінен тыс, жеке түрде шығаратын ресми құжаты. Мұндай қаулы сот отырысында заң бұзушылықтар немесе құқық қорғау органдарының, шенеуніктердің, ұйымдардың әрекетінде ескеруді қажет ететін жайттар анықталғанда шығарылады.
Қарапайым тілмен айтқанда: егер сот барысында бұл іске тікелей қатысы жоқ заң бұзушылық байқалса, судья басқа органдарға "мұнда бір мәселе бар, назар аударыңыздар" деген белгі ретінде жеке қаулы шығарады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus