Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Мәдімар ауылында темірден түйін түйетін азамат тұрады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауын еліміздегі қарапайым жұмысшылар үлкен қуанышпен қарсы алған еді. Себебі, көп жылдардан бері жұмысшы еңбегі елеусіз қалып келе жатқаны оларды ойландырмай қоймайтын. Енді міне еткен еңбегіне қарай құрмет көрсетіліп жатса, бұл қызметтердің де мәртебесі артатынын жұмысшылар біліп, қуанып отыр. Сондай азаматтардың бірі Мәдімар ауылының тұрғыны, темірден түйін түйген азамат-Медет Әбішев,- деп хабарлайды Ақпарат

Медет жастайынан темір-терсекке үйір болып өсті. Мектеп бітірерде темірден түйін түйетін дәнекерлеуші мамандығын таңдады. Жас жігітке бұл таңдау бекерден-бекер түскен жоқ.
Дәнекерлеуші мамандығы-көп таптыра бермейтін мамандықтардың бірі. Оның үстіне бүгінгідей ыстықтарда, жауын-шашын, боран кездерінде жоғарғы кернеулі тоқ, жан-жағына шашыраған ыстық отпен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Сондықтанда бұл үлкен сұранысқа ие мамандықтардың біріне жатады.
Мектептің соңғы сыныбында жүргенде-ақ ағасы Әсембекке көмектесе жүріп, денекерлеуші болуға белді бекем буады. Ағасының қасында 1-2 жыл жүріп, аталған мамандықтың қыр-сырын, техника қауіпсіздігін үйреніп алады. Енді міне 10 жылдан астам уақыттан бері өз мамандығын жетік меңгерген, аудандағы алдыңғы қатарлы дәнекерлеушілердің бірі болып отыр.

-Дәнекерлеуші менің жастайымнан ұнатқан мамандығым. Мұны ағамнан үйрендім. Бұл іспен айналыс-қаныма 10 жылдан асып барады. Ауылымызда бірнеше саябақ болса, солардың барлығында да менің қолтаңбам қалды. Мына тыл ардагерлерінің портреттерінде мерекеге дейін орналастыратын боламын. Өз ауылымнан көмегімді аямаймын. Өз мамандығым өзіме ұнайды, — дейді Медет Құралбекұлы.
Медеттің мамандығы дәнекерлеуші болғандықтан ол ауылда да, аудан орталығында да сұранысқа орай тапсырыс қабылдап, темір есік, қақпа, тапша, бастырма басқада темір бұйымдарын жасайды. Оның істеген ісіне тапсырыс берушілер дән риза. Олай болатыны ол қандай жұмыс атқарса да оны өз мерзімінде, сапалы орындауға дағдыланған.
Медеттің жұбайы Райхан мектепте жұмыс жасайды. Ол екеуі 4 ұл-қызды тәрбиелеп отырған ауылдағы үлгілі жас отбасылардың бірі.

Сообщение Мәдімар ауылында темірден түйін түйетін азамат тұрады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus