Ұлы тұлғалардың ұрпаққа қалдырған мұрасы
Ұлы тұлғалар рухани- мұрамыздың темірқазығы. Елінің ертеңін ойлап, халқының қамын жеген Абай, Ахмет,Әлихан, Мұхтар, Қаныш, Нұрқан, Міржақып сынды ұлт зиялылары ұрпағына сарқылмас рухани мұра қалдырды. Алаш арыстары-ұлттың санасын оятушылар. XX ғасырдың басында ұлтты оятқан Алаш зиялылары -Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы - қазақтың тілін, жерін, мемлекеттігін сақтап қалуға жанын салды. Ахметтің "Тіл - ұлттың жаны" деген ұстанымы қазақ тілінің мәртебесін көтеруге негіз болды. Мысалы, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Қазақ КСР Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті. Ол Қазақстандағы ғылым мен білім саласының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Сол академияда қазақ зиялылары жеке-жеке пәнді бөліп алып, академиялық еңбек жазды. Мысалы, Х.Досмұхамедов-...