Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Бір күнде үш ауылда әкім сайлауы өтті

Байзақ ауданы аумағында өкілеттілік мерзімдерінің аяқталуына байланысты бірқатар ауылдарда әкімдердің сайлауы болып өтті. Бұл саяси науқан жергілікті тұрғындардың ауылдық округтің дамуына белсенді қатысуына және өңір басшылығын таңдауда азаматтық ұстанымдарын білдіруге мүмкіндік берді.

 Көктал ауылы мен Сарыкемер және Ынтымақ ауылдық округтерінде дауыс беру таңғы сағат 7.00-де басталып, әрбір азамат өз конституциялық құқығын пайдаланып, ауыл әкімі болуға ниетті кандидаттар арасынан өз таңдауларын жасап, азаматтық жауапкершілік танытты. Әкімдер 4 жыл мерзімге сайланады.

Алғаш болып келген сайлаушыға учаскелік комиссиясы тарапынан сыйлықтар берілді. Сондай-ақ, бірінші рет дауыс беру құқығына ие жас сайлаушылар да маңызды күннен қалыс қалмады.

Әр ауылдағы сайлауға 3 үміткерден 9 кандидат сайлауға түссе, олардың екеуі “AMANAT” саяси партиясынан, біреуі «Ақ жол» партиясынан, ал қалған алты кандидат өзін-өзі ұсынған. Сайлау үдерісінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында әр кандидаттың сенімді өкілдері және тәуелсіз байқаушылар дауыс беру барысын қадағалап отырды. Мұнда дауыс берушілерге барлық жағдай қарастырылды. Арнайы дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшіктер, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына пандустар орналастырылған. Учаскелік комиссия мүшелері үйден дауыс беруге өтініш білдірген тұрғындарды аралап шықты.

Тұрғындардың айтуынша, ауыл әкімін халықтың өзі сайлауы өте дұрыс шешім. Бұл — әкімнің халыққа жақын болуына сеп. Айтуларынша, ауыл әкіміне үміткерлер өздерінің сайлауалды бағдарламасымен ауыл халқын таныстырып , түйткілді мәселелерді шешуге сөз берген. Ауыл әкімін сайлау – тек саяси шара ғана емес, бұл – елдің ертеңіне деген сенімнің көрінісі екенін айта кетейік.

Сайлау қорытындысына сәйкес, Көктал ауылында сайлауға 1354 сайлаушы қатысып, одан 733 дауыс жинап, «Ақ жол» партиясы ұсынған Серік Кайпулдаев жеңіске жетті. Аудан орталығы Сарыкемер ауылдық округінде 10 615 сайлаушы өз таңдауын жасап, 7 458 дауыспен “AMANAT” саяси партиясы ұсынған Еркін Заурбеков, ал, Ынтымақ ауылдық округінде сайлауға қатысқан 672 дауыс берушіден 481 дауыс жинап “AMANAT” саяси партиясы атынан Бауыржан Жұматаев ауылдық округ әкімі болып сайланды.

Сообщение Бір күнде үш ауылда әкім сайлауы өтті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus